Негізгі бет  /  мақалалар  /  Рудный жылу электр станциясы жарылып, екі адам қаза тапты

Рудный жылу электр станциясы жарылып, екі адам қаза тапты

Айқын-ақпарат
926
Рудный жылу электр станциясы жарылып, екі адам қаза тапты «ССГПО» АҚ басқаратын Рудный ЖЭС қазандығында жарылыс болып, кәсіпорынның екі қызметкері көз жұмды.

Ресми деректерге сүйенсек, қазандықтың үшінші қабатында «редукциялық-салқындатқыш құрылғының төменгі бөлігі ажыраған». «44 және 45 жастағы екі әйел қаза тапты», - делінген хабарламада. «Олар еден жуушы болып жұмыс істеген. ЖЭО және мердігер - Қарағанды турбомеханикалық зауытының қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді. Апат ЖЭО жұмысына кедергі келтірген жоқ. Нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр». Апат салдарын жоюға жедел медициналық жәрдем бригадасы, өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің мамандары, Рудный ТЖБ - барлығы 40 адамы мен 11 дана арнайы техникасы жұмылдырылды.


 inform.kz