Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тәртіп те, талап та қажет

Тәртіп те, талап та қажет

Айқын-ақпарат
1100
Тәртіп те,  талап та қажет Қарағанды облысының Абай ауданында «Нұр Отан» партиясының филиалы Саяси кеңесінің бюро отырысы өтті.

Іс-шара барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша партиялық бақылау комиссиясының қызметі туралы баяндама жасалды.
Комиссия отырысында партиялық тәртіпті нығайту үшін бастауыш ұйымдар­дың қызметі  қарастырылды.  Мемлекеттік органдар басшыларынан ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиім­ді жұмсалуы, мем­лекеттік бағдар­ламалар­дың орын­далуы, азаматтардың өтініштерін қарастыру, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы заң­наманың сақталуы жөнінде ақпараттары тыңдалды.
ПБК төрағасы, аудандық мәс­лихаттың депутаты Қаркен Қанжекеев  отырыс барысында жыл басынан бері комиссияның бес отырысы өткенін атап өтті.  Оның айтуынша, есепті кезең ішінде партиялық тәртіп бұзушылықтар болған жоқ. Осыған орай жеке және заңды тұлғалардың комис­сияға өтініштері болмаған.
Сонымен қатар Қаркен Қанжекеев халық арасында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс­тардың қажеттілігі, партиялық тәртіпті сақтау, мемлекеттік бағдар­ламалар мен партиялық және т.б. жобаларды орындау  жөнінде ұсыныс жасады.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы