Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Жасыл экономика» озық отыздыққа жетелейді

«Жасыл экономика» озық отыздыққа жетелейді

Айқын-ақпарат
1082
«Жасыл экономика»  озық отыздыққа жетелейді «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының «Жоғарғы технологиялардың дамуы» бағыты бойынша аймақтық куратордың комиссия отырысы өтті.

 Жиынды комиссия төрағасының орынбасары Ақылбек Аманғалиев ашып, жүргізді. 

Басқосуда «Энергия үнемдеу – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар сөз болды. 
Қазір Қазақстанда «Жасыл экономи­каға» көшу тұжырымдамасы бекітілген. Бұл дегеніңіз тұрғылықты халықтың әл-ауқаты артқан экономикасы бар, қа­былданған халықаралық экологиялық міндеттерге байланысты, бүгінгі және келер ұрпақтың табиғи ресурстарды ұқыпты әрі оңтайлы пайдалану түсінік­терімен анықталады. «Жасыл эконо­микаға» көшу дамыған 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік береді. 
Тұжырымдамаға сәйкес «жасыл экономикаға» көшу үшін іс-шаралар ұйымдастырылуда. Батыс Қазақстан облысында осы бағыт бойынша шаралар қолданылып, оң нәтижелер беріп жатыр. 
Облыста «ЗападЭнергоПром» ЖШС негізінде  2 кВт дейін қуаты бар жел элек­тр стансаларының жаппай өндірілуі жүруде. Жел турбиналарының бұл түрі мал бағатын аймақтар мен саяжайларды қамта­ма­сыз етуге арналған. Сонымен қатар аталмыш кәсіпорында күннен қуат өндіру бойынша да жұмыстар жүріп жатыр. Бұл құрылғылар­дың ерекшелігі экологиялық таза және баламалы энергия көздері болып табыла­тын­дығында. Күн электр жүйесі сынақ ре­тінде биыл Ақжайық ауданындағы «Мұқас» шаруа қожалығына орнатылған болатын. 
Облыс бойынша 103 жаңартылатын энергия көздері бар (2935 Вт), олардың 91-і күн, 12-сі жел энергиясын өндіреді. 
«Зенит» Орал зауыты» АҚ пен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясында» электр энергиясын үнемдеу мақсатында өндірістік жерлерде шамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 
Қала мен аудан орталықтарында көшені жарықтандыратын энергия үнемдейтін барлығы 34 686 жарық шамы бар. 2015 жылы «Жайық жарығы» ЖШС Орал қаласында 50 дана LED120 маркалы шамы орнатты, сондай-ақ LED90 маркалы 2117 дана шам ауыстырылды. Үнемделген құны – 2,1 млн теңге. 
Сонымен қатар БҚО әкімдігінің ақпараттық-технологиялар және мемле­кеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Күлән Ескендірованың ақпараттық-коммуникациялық техно­логиялар салаларының дамуы туралы есебі тыңдалды. 

 

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,

Батыс Қазақстан облысы