Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кәсіпкерлік дамып, жұмыспен қамту жақсарған

Кәсіпкерлік дамып, жұмыспен қамту жақсарған

Айқын-ақпарат
1256
Кәсіпкерлік дамып,  жұмыспен қамту жақсарған

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының мәжіліс залында қалалық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Мемлекеттік бағдарламаларға партиялық бақылау және ішкі партиялық тәртіп туралы» комиссияның отырысы өтті. Онда «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Гафур Кузубаевтың «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы және «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы Жамалдин Құсайыновтың «Жұмыспен қамтудың – 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы жөніндегі есептері тыңдалды. 

Облыс орталығындағы кәсіпкерлік саласы жетекшісінің баяндауына қарағанда, қалада 14796 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген және оның 10318-і қазіргі кезде де жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 1879 заңды тұлға, 8153 жеке кәсіпкер және 286 шаруа қожалығы бар. Салада 25 900 адам өз нәпақасын тауып, бала-шағасын асырап отырған көрінеді. Жыл басынан бері 35,5 млрд теңгенің тауарлары сатылып, жұмыстары мен қызметтері көрсетілген. Биылғы он айда шағын және орта бизнес субъек­тілерінен бюджетке 5,5 млрд теңге түсіпті. 
Облыс орталығында 2081 кәсіп­керлік ны­саны жұмыс істесе, олардың 1019-ы сау­да, 367-і қоғамдық тамақ­тандыру, 691-і тұр­мыс­тық және сервистік қызмет көрсету ны­саны және 4 базар бар. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 3000 шаршы метр бола­тын жаңа базар пайдалануға берілуге тиіс. Жал­пы алғанда, қаладағы шағын және орта кә­сіп­керліктің өрісі алға жыл­жыған жыл­дар­мен бірге кеңейіп отырғаны байқа­лады. Де­ген­мен, азды-көпті кемшіліктер де жоқ емес. 
Екінші баяндамашы – «Тал­ды­қорған қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысының айтуына қарағанда, облыс орталығында адам­дарды еңбекпен қамтуда елеулі жұ­мыстар жүзеге асырылған. Биыл «Жұ­мыспен қамту –  2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфра­құрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша 3 жобаға 58 адамды жұмысқа қабылдау жоспарланыпты және толығымен орын­далыпты. Талдықорған қаласындағы Өтенай ауылдық округінің Шайқорған көшесін күрделі жөндеуге бюджеттен бөлінген 149,8 млн теңгені игеру барысында 25 адам жұмысқа тартылса, «Талдықорған қаласы білім бөлімі» ММ МКҚК №42 балабақшасы» ғимаратына күрделі жөндеу кезінде тағы 32 адам еңбекке орна­ластырылған. Сонымен бірге,  Өтенай ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылының Панфилов көшесін ағымдағы жөндеу­шілер қатарына бір жұмыссыз қо­сылған. Қалған 4 жобаның жұмысының басталуы 2016 жылдың қараша айының соңында жария­ланатын конкурс нәтижесі бойынша анықталады.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамыту немесе ашу үшін 60 адамға 3 млн теңгеден – 180 млн теңге, 30 адамға 6 млн теңгеден – 180 млн теңге қаражат бөлініп, жалпы 90 адамға 360 млн теңге несие беру жоспарланған. Сонымен қатар 24 адамды кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуға жолдама беріліп, несие алуға өтініш берген үміткерлерге заң талаптары түсіндірілген. Соның ар­қасында жыл басынан бері 64 адам – 196,5 млн теңге шағын несие алыпты. «Атамекен» кәсіп­керлер палатасы арқылы 24 адамға кәсіп­керлік негіздері бойынша оқудан өтіп, сертификаттарын алды.
«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдем­десу» бағыты бойынша оқытуға, жұ­мысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 24,3 млн теңге бөлініп, үш айлық қайта даярлау курстарына 220 адам жіберіліп, газ және электрмен дәнекерлеуші, аспазшы, шаштараз, слесарь-сан­техник, тырнақ жасау шебері, кондитер, тігінші мамандықтары бойынша оқы­тылып, оқуды аяқтаған 218 адам тұ­рақты жұмыспен қамтылды. Қыркүйек айынан бері 81 адам қайта даярлау курстарында жұмысшы мамандық­тарына жолдама бойынша оқып жатыр. Сонымен бірге, осы үшінші бағыт бойынша 50 жұмыссыз азаматқа әлеуметтік жұмыс орындарына жол­дама беріліп, 10 млн теңгенің игерілуі жоспарланды. 
Жастар тәжірибесіне 210 жас тү­лекті жолдама арқылы жіберілген. Жыл басынан 318 жас түлек мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындарға жұ­мысқа орналастырылды. Жоғарыда айтылғандардан басқа шарапатты шаралар жүзеге асырылған және жұмыспен қамтудың барлық бағыт­тарын орындау кезінде жастар мен мүгедектерге еңбек орындарын қарас­тыру басты назарда. 
Отырыс соңында комиссия жұ­мысы барысында анықталған кем­шіліктер атап көрсетіліп, комиссия отырысында айтылған сын-ескертпе, ұсыныстардың орындалуы тапсы­рылды. Олардың нәтижелері туралы қалалық партия филиалы партиялық бақылау комис­сиясына 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін ақпарат беру қажеттігі ескертілді. 

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы