Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өңірде жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Өңірде жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Айқын-ақпарат
1140
Өңірде жұмыссыздық деңгейі төмендеді «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысы өтті.

Жиынға Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының  басшысы Гүлмира Қалмұратова, Ақтау қалалық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі басшысының орынбасары Қытай Құсайынова,  облыстық мәслихаттың депутаты Дмитрий Клинчев қатысып, жұмыссыздықты болдырмау бағытында аймақта атқарылған істерді саралап, алдағы міндеттерді талқылады. 

– Бүгінгі сараптама тобының отыры­сына шығарылған мәселе өте маңызды және өзекті деп білемін. Себебі, жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік тұрақтылықтың негізі.  Жұмыспен қамту саясаты алдымен экономикалық өсудің  маңызды факторы ретінде еңбек ресурс­тарының сапасын және кәсіптік құзыреттерін, нәтижесінде ха­лықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Сондықтан да өңі­рі­мізде негізгі даму бағдарламала­рын жүзеге асыру барысында басты индикатор ретінде жаңа жұмыс орындарын құру («Нұрлы жол», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», Өңірлерді дамыту бағдар­ламасы) жүзеге асы­­рылып отырған бағдарла­малар­дың  халықты жұмыспен қамтудағы тиімділігі бағаланып және ба­қы­ланып отырады, – дейді Гүлмира Қалмұратова.  
Облыста мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру нәтижесінде, соңғы үш жылда жұмыспен қамтылған халық саны  259,1 мың адамнан 283,9 мың адамға дейін артқан. Жұмыс­сыздық деңгейі 5,5 пайыздан 5,1 пайызға дейін төмендеген. Жастар арасын­дағы жұ­мыссыздық деңгейі 2016 жылы 5,9 пайызға дейін түскен.
– Халықты жұмыспен қамту туралы заңға сәйкес 29 жасқа дейінгі жастар жұмысқа орналастыруда басымдыққа ие мақсатты топқа жатады. Жұмыспен қамту орган­дарына биыл жұмысқа орналас­ты­руға ықпал ету жөнінде хабарласқан 16203 адамның  7783-і немесе 48 пайызы жастар. Жыл басынан бері 12702 адам жұмыссыз­дықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып, 12108 адам жұмысқа орна­лас­тырылды. Олардың ішінен 5036 адам немесе жұмысқа ор­наластырыл­ғандардың  41,5 пайызы жастар. Сонымен бірге, жұмыспен қамту туралы өтініш білдірген жастардың 64,7 пайызы жұмысқа орналас­тырылды, – дейді Гүлмира Қалмұратова.
Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы