Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қара тулы, қату қабақты

Қара тулы, қату қабақты

Айнұр Қазыкенова
1105
Қара тулы, қату қабақты Таяу Шығысты қан қақсатқан, қанға бөктірген «Ислам мемлекеті» тобы Сирия мен Иракта біршама жеңіліске ұшырап, Орта Азия елдеріне қауіпті біршама жақындатып қойды.

Өйткені Қос  өзен  мен Шам  жерінде жеңіліс  тапқан  олар, Орта  Азия,  соның  ішінде  Ауғанстанға  қарай  шегініп жатыр. Ал ауған жерінде  олар  «қалай  қимылдаймын» десе де  еркіндік бар. Бірақ бір  мәселе, ол жердің  өз қожасы - тәліп содырлары отыр. Тәліптер «Ислам  мемлекетімен»  жиі  жанжалдасып, қарулы  қақтығыстарға дейін  баруда. Өйткені өздеріне  тиесілі  үлесті кім  өзгеге  қисын. Десек  те, Таяу  Шығыстан қашқан, шегінген қара  тулы, қату  қабақты «Ислам  мемлекеті»  тобы ендігі  тұрақты   Ауғанстаннан  іздеп  отыр. Тәліп топтарын    тастап,  өздеріне  өткен командирлерге  500-600 доллар, қарапайым  жауынгерге 200  доллардан  төлеуде. Ауғанстан  секілді мешеу  елде  бұл үлкен ақша. Содан  болар, «Ислам  мемлекеті»  тобы өз қатарын жедел  көбейту  үстінде. Кейбір  деректерге қарайтын  болсақ, қазірдің өзінде «ИМ»  тобы 15-20 мыңның   көлемінде екен. Бұл  өте үлкен  күш. Оның үстіне ол  топтағы содырлардың барлығы Сирия  мен Иракта  соғыста  болып  шыңдалғандар. Жақында  ғана ауған жерінде атыс қарулары  тиелген жүк  машинасы ұсталды. Ондағы қару «ИМ»  тобына тиеселі  болып шықты. Ең бастысы, осы қарулы  топтар жік-жік болып бөлініп, Орта  Азия  елдерінің шекарасына басып кіретін  болса,  жағдай қиынға айналатынын  белгілі.Демек, Ұжымдық  қауіпсіздік шарты  ұйымына кіретін  елдердің  оңтүстіктегі шекараға  баса  назар аударатын кезі келді.

                                                   Айнұр Қазыкенова