Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үш автобус жол жиегіне шығып кетті

Үш автобус жол жиегіне шығып кетті

Айқын-ақпарат
1088
Үш автобус жол жиегіне шығып кетті  Жаңажол ауылынан 50 шақырым жерде «Өскемен-Семей» тасжолында қатты жел, көктайғақ, жолдың нашар көрінуі салдарынан екі жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кетті.

Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар жолаушыларды жолшыбай көліктерге мінгізіп жіберді, деп хабарлады ТЖД-ға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Тарбағатай ауданында «Қарағанды-Аягөз-Боғас» жолында да осыған ұқсас жағдай орын алды. 27 жолаушысы бар автобус жол жиегіне шығып кетті. Құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар мен АІІБ бірлескен күшімен адамдар баратын бағыты бойынша көліктерге мінгізілді. Осылайша, Ұлан ауданының құтқарушылары «Өскемен-Алматы» тасжолында жол шетіне шығып кеткен, өз бетімен шыға алмаған автомобильдің 2 жолаушысын құтқарды. Ұлан ауданы Герасимовка ауылы жағында тағы бір құтқарушылар тобы қолайсыз ауа райы салдарынан адасып кетіп, жолды таба алмаған 67 жастағы балықшыға жәрдемдесті. Ер адамды туыстарына табыс етті, оның жағдайы қанағаттанарлық. 

 

inform.kz