Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жұмыста ас ішу қауіпті

Жұмыста ас ішу қауіпті

Жолдасбек Дуанабай
1497
Жұмыста ас ішу қауіпті Қызметтегі жұрттың бір бөлігі өздері отыратын стол басында отырып тамақтанатыны белгілі. Осы мәселені зерттеген мамандар бұл әдеттің дұрыс еместігіне көз жеткізіпті.

Қызметтегі жұрттың бір бөлігі өздері отыратын стол басында отырып тамақтанатыны белгілі. Осы мәселені зерттеген мамандар бұл әдеттің дұрыс еместігіне көз жеткізіпті.
Зерттеушілер офистерде қызмет істейтін 1000-нан астам адамға сауалнама жүргізіп, олардың басым бөлігі түс мезгілінде жұмыс орындарында тамақтанатындығын анықтаған. Әрбір бес адамның екеуі жұмыстан бас ала алмайтындықтан амалсыз отырған жерінде тамақ ішеді. Алайда майлы балық, ысталған ірімшік секілді тағамдардың иісі жұмыс істеуге кері ықпал етеді. Бұл туралы «Zee News» хабарлады.
Әсіресе скумбрия, сардина секілді балықтардың жағымсыз иісі бар. Одан кейінгі орында тұрған ысталған ірімшік пен жұмыртқа да кез келгенге ұнамайды. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі жұмыс орнында тамақтану санитарлық тазалыққа жат деп санайды. Жұрттың бір бөлігі әріптестерінің жұмыс орнынан басқа жерде тамақтануға ұсыныс жасаған. Осыдан кейін зерттеушілер «жұмыс орнында тамақ ішу дұрыс емес» деген қорытындыға келген. Әрі мұндай жағдайда адам тамақ ішу мөлшерін де анықтай алмай, артық салмақ қосады екен.