Негізгі бет  /  мақалалар  /  «28 панфиловшы» фильмі табыс әкелді

«28 панфиловшы» фильмі табыс әкелді

Айқын-ақпарат
760
«28 панфиловшы» фильмі табыс әкелді Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген «28 панфиловшы» фильмі Қазақстан аумағында бірінші аптадағы есеп бойынша 30 миллион рубльден астам қаржы жинады.

«Көрермендер қызығушылығының артуына байланысты фильмнің екінші аптадағы прокаты табысты болады деп күтіп отырмыз», делінген хабарламада. Еске сала кетейік, «28 панфиловшы» көркем фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, Ресей) түсірген. Айта кетейік, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр. Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды. Ресейлік «Кинозалдардағы көрсетілімдер туралы мағлұматты беретін Федералды бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің» ақпараты бойынша 30 қарашаға «28 панфиловшы» фильмінің Ресейдегі көрсеткіші 209,8 млн. рубльді құрап, 878 944 көрермен көрген. Осылайша, соғыс тақырыбына Қазақстан мен Ресей елдері бірлесе түсірген фильмнің прокаттағы бірінші аптада жинаған сомасы оған жұмсалған қаржыдан асып түсті. «28 панфиловшы» 1941 жылы Алматыда жасақталған генерал Панфиловтың 316-атқыштар дивизиясының ерлігіне арналған алғышқы бірлескен жоба. 

Қазақпарат