Негізгі бет  /  мақалалар  /  Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Айқын-ақпарат
900
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 17-22 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.

Baq.kz