Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ескі ұңғымадан атқылаған мұнай 30 гектар аумақты ластады

Ескі ұңғымадан атқылаған мұнай 30 гектар аумақты ластады

Айқын-ақпарат
890
Ескі ұңғымадан атқылаған мұнай 30 гектар аумақты ластады Атырау облысының Құрманғазы ауданында бұрғылау қондырғысынан мұнай төгілді.

Аудан орталығынан 60 шақырым жердегі «Күмісбек» кенішіндегі мұнайы сарқылды деп тығындалған ұңғымадан төгілген мұнай 30 гектар аумаққа дейін жайылған.

Мамандардың есептеуініше, қоршаған ортаға келтірілген зиян 800 млн теңгені құрайды. Осыған байланысты Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Бірақ аталған ұңғыманы пайдаланған «Көлжан Ойл» ЖШС өкілдерін жергілікті атқарушы билік те, құқық қорғау органдары да әзірге таба алмай отыр.

Компанияның бас мекемесі Алматы қаласында орналасқан, бірақ нақты мекенжайы белгісіз. Ал, төгілген мұнай қалдықтарын тазалау және заласыздандыру жұмыстарымен «Ақ берен» мұнай атқымасына қарсы арнайы қызмет мекемесінің мамандары айналысып жатыр.

Айдос ШӘРІПХАНҰЛЫ

Baq.kz