Негізгі бет  /  мақалалар  /  Студент Оксфордтан 1 млн фунт талап етуде

Студент Оксфордтан 1 млн фунт талап етуде

Айқын-ақпарат
872
Студент Оксфордтан 1 млн фунт талап етуде Үндістан тұрғыны Фаиз Сидикки Оксфорд университетінің бір колледжінде оқыған. Одан бері де 16 жыл өткен. Бірақ ол осы уақытта үлкен қызметтерге көтеріле алмаған.

Қазіргі таңда өмір жолындағы осы сәтсіздіктерге аталмыш оқу орнының оқытушыларын кінәлап, сотқа арыз жазған. 38 жастағы Сидикки өзінің халықаралық деңгейдегі адвокат болуы үшін емтихандарда алған төмен бағалары кедергі жасағанын айтады. Ал төмен баға алуына сабаққа сирек келген ұстаздарын айыпты санайды.   Сол үшін де сотқа жазған арызында 1 млн фунт стерлинг өтемақы талап еткен.

Оқу ордасының басшылығы болса бұрынғы студенттерінің бұл талабын негізсіз санайды. Олар арада бақандай он алты жыл өткенін алға тартып отыр.

Егер Сидикки сотта жеңіп шықса, бұл басқа да студенттердің арыз жазуына жол ашпақ.

reactor.inform.kz