Басты  /  мақалалар  /  Ернар ЖАРКЕШОВ: Қазақстан – мемлекеттік қызмет саласындағы өңірдегі көшбасшы

Ернар ЖАРКЕШОВ: Қазақстан – мемлекеттік қызмет саласындағы өңірдегі көшбасшы

Кәмшат ТАСБОЛАТ
1587
Ернар ЖАРКЕШОВ: Қазақстан –  мемлекеттік  қызмет саласындағы өңірдегі көшбасшы 2013 жылдан бастап елімізде жұмыс істеп жатқан Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың атқарған іс-шаралары нәтижелі.

Ұлт жоспарының алдыңғы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселесіне арналғанын ескерсек, алдағы уақытта өңірлік хабтың атқарар жұмыстары мен мақсаттарының әлі де сүбелі боларын байқаймыз. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англия мен Сингапурда білім алған, бүгінде Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың аппарат жетекшісі Ернар Жаркешов елдегі реформалар мен болашақ бағыт-бағдарлар жайлы «Айқын» газетіне берген сұхбатында ой бөлісті.        

– Елбасы 100 нақты қадаммен айшық­тал­ған Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік ап­парат құру мәселесіне ерекше тоқталған еді. Бұл бағытта Ұлт жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстың нәтижелерін қалай бағалайсыз?
– 100 нақты қадаммен бағыт-бағдарлары анық­талған Ұлт жоспары – күрделі де ма­ңыз­ды құжат. Астанадағы Мемлекеттік қызмет сала­сындағы өңірлік хабта сарап­шылар мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосып оты­ра­ды. 100 нақты қадамға байланысты сарап­шы­лар пікірі жоғары. Олар оны көреген сая­­сатпен дайындалған құжат деп бағалайды. Был­тыр жарияланған құжаттың жүзеге асуы мен нәтижелері – уақыт еншісіндегі мәселе. Қа­зір оған баға беру тым ерте. Бірақ қазірдің өзін­де оңтайлы нәтижелер байқалады. Мә­се­лен, Ұлт жоспарының алдыңғы 15 қадамы кә­­сіби мемлекеттік аппарат құру бағытына ар­налған. Бұл қадамдардың табысты жүзеге асуы­на хаб өз үлесін қосып, халықаралық са­рап­шыларды талқыға тартуда. Әсіресе, мем­ле­кеттік қызметкерлер жұмысын ба­ғалау, олар­дың жалақысын халықаралық стандарт­тар­ға сай деңгейге келтіру мәсе­лесінде сарап­та­­малық қолдау көрсетуде. Қазақстанның Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бір­ге жұмыс атқарып, оларға әдістемелік тұр­ғы­да көмек көрсетіп жатырмыз. 
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақы жүйесін жаңартумен қатар, жалпы мем­ле­кет­тік қызметтің әр лауазымының міндет­терін анық­тау мәселесінде де тікелей үлес қосу­да­мыз. Бұдан тыс Ұлт жоспары шең­берінде жер­гілікті атқарушы және орталық мемлекет­тік органдар сұраныстары бойын­ша әдісте­ме­лік-сараптамалық көмек көр­сетіп, зерт­теу­лер жасап, сарапшыларды жұ­­­мыл­­ды­­рудамыз.
– Бұдан тыс өңірлік хаб Қазақстан үкі­ме­ті­не қандай нақты бағыттар бойынша қолдау көр­сетіп келеді?
– Былтыр қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның бірталай бап­та­ры бойынша сараптамалық қорытын­ды­лар мен ұсыныстар даярлап, өкілетті орган­дарға жі­бергенбіз. Сонда заңға бірқатар ұсыныс­та­ры­мыз, мәселен, мемлекеттік қызметкерлерді қорғау, яғни саяси өзгеріс­тер болғанда, ми­ни­­с­тр­лер өзгергенде, мансаптық мемлекеттік қызметкерлер өз жұ­мыс орындарынан кет­пе­уі бойынша, олардың саяси қызметкерлерге қара­ғ­анда функцияларын нақтылау бойынша және жұмыс нәтижелігіне негізделген жала­қы жүйесін құру бойынша өзгерістер енгі­зіл­ген. 
– Өңірлік хабтың негізгі атқарып отырған жұ­мыстары мен алға қойған мақсаттарын айта кетсеңіз. 
– Астанадағы Мемлекеттік қызмет сала­сын­дағы өңірлік хаб 2013 жылы Елбасының қол­­дауымен Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Даму бағдарламасымен әріп­тес­ті­гі арқасында 25 ел және 5 халықаралық ұйым­ның қатысуымен құрылған. Қазіргі таң­да ұйымға қатысушылар саны өсіп, Эконо­ми­калық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ТМД, Еуразия, ASEAN мем­ле­кет­те­рін қамтитын 36 елден тұрады. 
Өңірлік хаб Қазақстанның үлкен ха­лық­аралық бастамасы ретінде қабыл­дан­ған. БҰҰ-ның штаб-пәтері, ЭЫДҰ бұған көп назар аударады. БҰҰ Бас ассамблеясының жоғарғы деңгейдегі комитеті 19-сессия­сын­да хабтың жұмысын жоғары бағалап, оның мо­де­лін көпжақты ынтымақтастықты дамы­­­ту­дың үздік үлгісі ретінде әлемнің бар­лық өңірге тарату туралы арнайы шешім қабыл­да­ған. Біздің басты мақсатымыз – ұйымға қатысушы елдерге олардың мемле­кет­тік қызмет саласын жетілдіруге бағыт­талған іс-қимылдарын демеу. Яғни қатысып жат­қан әр мемлекетке қолдан келгенше кө­мек көр­се­те­міз. Оның үстіне Қазақ­стан­ның мем­ле­­­кеттік қызмет саласындағы жетістіктерін, моделін басқа елдерге тара­та­мыз. Қазақстан  біздің өңірде мемлекеттік қыз­мет саласын қалып­тас­тыруда көшбасшы мем­лекет болып сана­ла­тыны баршамызға мәлім. Әрине, еліміз тек өңір­ге ғана емес, ЭЫДҰ стандарттарына қа­рап бой түзейді. Сондықтан олармен тығыз бай­­ланыста жұ­мыс істеп жатырмыз.  
Біздің негізгі үш бағытымыз бар: бірін­ші­ден – әріптестік орнату, яғни мемлекеттік қыз­метшілер және мемлекеттік қызмет сала­сын­дағы органдардың, сондай-ақ, ғалым­дар­дың әріптестігін нығайту. Екіншіден, мем­ле­кет­тік қызметшілер әлеуетін арттыру, олар­­­дың жұмысына қолдау көрсету. Үшін­ші­ден, әлемдегі мемлекеттік қызмет сала­сын­да­ғы соңғы жаңа шешімдерді зерттеп, зер­де­леп, елдерге тарату. Қазір осы үш бағыт бо­­­­йын­ша жұмыс істеп жатырмыз. Мем­ле­кеттік қызметшілердің жалақы мен құзырет жүйесін құрудан басқа үлкен жобаның біреуі – ЭЫДҰ мето­дологиясы бойынша Мемле­кет­тік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге Қазақстанның мемлекеттік сектордағы стратегиялық адами ресурстарды қолдану бойынша зерттеу жасалуда. Мұның маңыз­дылығы мынада: Қазақстандағы мем­лекеттік қызмет саласында адами ресурс­тарды стратегиялық тұрғыдан дұрыс қол­данып жатырмыз ба? Біздің тәжіри­беміздің мақсаты – ЭЫДҰ стандарттар мен қағи­даттарға сай келе ме, жоқ па деген сауалдарға жауап табу. Екінші күрделі мәселе – Қазақ­стан­дағы мемлекеттік қызмет­шілердің ынта­лан­дыру мәселесін зерттеу. Отандық мемле­кет­тік қызметкерлер жұ­мыстың қиын­ды­ғына қара­мастан, бұл салада ары қарай жұмыс істеуге қандай ынтасы барын түсін­гі­міз ке­леді. Оларды күнделікті таңертең келіп, түнге де­йін жұмыс істеуге не ынталандырады? Тіпті өз отбасына көп көңіл бөлмей, жұмысқа берілуінде қандай ынта бар? Оларды айлық жалақыдан басқа қандай факторлар жұмысқа талаптандырады? Біз мемлекеттік қызмет­кер­­лердің мотивациясын айлықтан басқа қандай тәсілдер арқылы көтере алатынымыз­ды түсінгіміз келеді. Оларды тиімді жұмыс істеп, халыққа дұрыс қызмет етуі үшін қалай ынталандыра аламыз? Осы тектес мәселелер­д­і зерделеп жатырмыз. Астанадағы Мем­ле­кет­­­тік қызмет сала­сын­дағы өңірлік хаб БҰҰ Даму бағдарламасының Сингапурдағы мем­ле­­кеттік қызметті же­тілдіру Ғаламдық орта­лы­ғымен бірлесе «Мемлекеттік қызмет да­муын­­­­дағы жаһандық және аймақтық тренд­­­тер» атты кең көлемді зерттеуді аяқ­та­ды. Бұл зерттеу – мемлекеттік басқару сала­сындағы жетекші халықаралық ғалымдар мен прак­тик­тердің теориялық негіздемелері және қол­данбалы тәжірибелерін тоғыс­тыратын бірегей, теңдессіз жұмыс. Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ, ТМД елдері мем­лекеттік қызметінің дамуы мен реформа­ла­нуының соңғы жиыр­ма жылдағы негізгі үрдістері осы еңбекте кө­рі­ніс тапқан. Бұл еңбекті біз үкіметке, мем­лекеттік органдарға таратып, олардың осы зерттеудің аса маңызды және пайдалы деген пікіріне ие болдық.
– Мемлекеттік қызметкерлердің жем­қорлыққа баруының негізгі себептің бірі – жалақының аздығы ма?
– Сингапурда оқығанда да осы мәселені зерттеп бақтым. Ең басты мәселе – жала­қының көлемі емес. Әрине, әр адамның өз отбасы, тұрмыс-тіршілігіне қарай өз шы­ғын­дары болады. Білімі мен біліктілігіне қарай адамның өз деңгейінде ақы алғаны дұрыс. Бірақ одан бұрын жемқорлықпен айналысуға жол ашатын мүмкіншіліктерді азайту керек. Бұл бағытта Қазақстанда көп­теген шаралар атқарылып жатыр. Оның бірі – халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет­керлердің жұ­мы­сы. Дәл осы жүйені халыққа дұрыс қызмет етіп, жемқорлықты азайту үшін біраз жақ­сартты. Былайша алғанда, онда жемқор­лықпен айналысуға мүмкін­шіліктер жоқ. Бірақ, әрине, жемқорлыққа баратын адам­дарды бұ­ған не итермелейді? Олардың дұрыс өмір сүру үшін басқа да қандай тәсілдері бар? Мәселен, Сингапур­дың тәжі­ри­бесін алсақ, оларға ең алдымен, мемлекеттік қызмет­кер­лердің айлығын көтеру арқылы жемқор­лықты жойған жоқ. Керісінше, олар ең алдымен жемқорлыққа апаратын мүмкін­ші­ліктерді азайтты. Оның үстіне, заң үс­тем­дігін ны­ғайт­ты. Заңның алдында барлық азамат бірдей. Әр азамат заң үстемдігін түсінеді және жемқорлыққа барудан име­неді. Жемқорлық­пен айна­лысқан адам­ды міндетті түрде мем­ле­кет тауып алып, жазаға тартады. 
– Мемлекеттік қызметті реформалауда қандай елдердің үлгісіне көбірек мән берілуде? Жалпы мемлекеттік қызметті дамытуда қандай әлемдік үдерістер ескерілуі керек?
– Қазақстанның 25 жылдың ішінде, әсіресе 90-жылдардың басында Елбасы мем­лекеттік қызметшілердің алдында ха­лық­аралық тәжірибені зерттеп, бірақ ешкімнің жүйесін толықтай көшіріп алмау керектігін баса айтқаны ел есінде. Яғни Президент өзіміздің қазақстандық мем­лекеттік қызмет моделін жасап шығу қажет­тігін талап етіп қойған. Бұл талап бойынша қыруар жұмыс­тар атқарылды. Қазір біз Қазақстан­ның өзіндік мемлекеттік қызмет моделі бар деп толықтай айта аламыз. Әрине, озық елдердің тәжі­ри­бесі, оның ішінде Сингапур­дың, Ұлыбри­та­ния­­ның, Голлан­дияның тәжірибе­лері үлгі ре­тінде қара­с­­тырылды. Бірақ түптеп кел­генде, өңірдегі елдерге қарасаңыз да, жақсы ше­шім­дер табылып жатыр. Соның бірі – Гру­зия. Бұл елде жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл және мемлекеттік қызмет сала­сындағы эти­ка мәселесі бойынша жетістік­терге жеткен. Сондықтан Қазақстан да Грузиядан тәжірибе алуға тырысады. Грузия да өз тарапынан Қазақстаннан біраз оңтайлы шешімдерді үйреніп жатыр. Оның бірі – Қазақстанның «Мемлекеттік қызмет ту­ралы» заңына қарап, біраз мәселелерді зер­­делеп үлгі ретінде алуда. 2017 жылдан бастап Грузияның «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңы жүзеге асады. Бұл заңның негізі Қазақстанның үлгісінен алынған. Яғни, мемлекеттік қызметкерлерді саяси және әкімшілік деп бөлу мәселесі оларда енді қолға алынуда. Ал бізде мұндай саралау 1999 жылы жүзеге асырылған. Екіншіден, Қазақ­станда мемлекеттік қыз­меткерлердің «А» корпусы категориясы бар. Оған ең жоғары лауазымдағы әкімшілік қызмет­керлер енеді. Мұндай кәсібилен­ді­ру­ге бағытталған өзгерістер өңірдің ешқай­сы­сында орын алған жоқ. Мінеки, мемл­е­кет­тік қыз­мет саласындағы осындай рефор­малар арқылы Қазақстан бұл салада өңір бойынша көшбасшы саналады. Ас­та­нада өңірлік хаб құрылуының басты себебі де осында.
– Сарапшылардың мемлекеттік рефор­маларға пікірі қандай? 
– Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға байланысты сарапшылардың пікірі оң. Олар елімізге үлкен үмітпен қарайды. Қазақстанның әлеуе­тін дәріптейді. Жақында БҰҰ-ның штаб-пәтерінен келген делегация өкіл­дерімен Назарбаев университетінде үлкен семинар өткіздік. Былтыр бүкіл әлем болып БҰҰ Бас ассамблеясында қабылданған Тұ­рақты даму мақсаттарын Қазақстанда қалай тікелей жүзеге асыруға болады? Сонда  са­рап­­шылар өңір елдерімен салыстырғанда Қазақстанның әлдеқайда алда келе жатқаны туралы зерттеу нәтижелерін жариялады. Әрине, бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Екіншіден, біз елімізді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының аясында салыстырамыз. Себебі, бұл – ең дамыған 34 елдің ұйымы. Елбасы айтып отырған, дамыған 30 елдің қатарына ену – дәл осы ұйымға мүше мемлекеттер қатарынан көріну. Сондықтан Астана хабы бұл ұйымның стандарттары мен қағидат­та­рына үлкен көңіл бөледі.
– Білуімізше, сіз «Болашақ» бағдар­ла­масымен Ұлыбритания мен Сингапур елдерін­де білім алғансыз. Бұл елдердің мемлекеттік қызмет саласындағы қандай жетістіктерін атап өтер едіңіз?
– 1993 жылы Елбасының көреген сая­са­тымен «Болашақ» бағдарламасы қабыл­данды. Бұл өте дұрыс шешім болды. Мен де 2005 жылы осы бағдарлама бойынша Англияның Бирмингем университетіне мемлекеттік басқару бойынша оқуға түсіп, оны үздік бітірдім. Үздік студент, үздік диплом жұмыс­тары бойынша 4-5 акаде­миялық марапатқа қол жеткіздім. Осының арқасында Синга­пур­дағы әлемге әйгілі Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебіне түсіп, Син­га­пур­дың арнайы сти­пен­диясын ұтып алдым. Мемлекеттік сая­сат бойынша магистр дә­ре­же­сін алдым. Бұл оқиғалар өміріме көп өз­ге­ріс­тер әкелді. Қазір сыртта алған білі­мім­ді Қазақстанның дамуына үлес ре­тін­де қосып жатырмын. Біз «Болашақтың» тү­лек­тері ретінде алған ілім-білімімізді ел игілігіне жаратуға тырысу­да­мыз.
Синпапур – Англияның бұрынғы коло­ния­сы. Онда мемлекеттік қызмет саласы ағыл­­шын жүйесіне сай. Шынында да жоға­ры дең­гейде дамыған. Олар автономды кә­сі­би мем­лекеттік қызметті жасап шығар­ған. Яғни, мем­лекеттік қызмет қан­дай саяси бас­­­­­шылар ауыс­пасын, өз жұмысын сол дең­гей­де жал­ғас­тыра береді. Яғни, бұл тұ­рақ­тылыққа әке­ле­ді. Мәселен, «А» корпусы Ұлыбританияда да, Сингапурда да бар. Бұл ел­дерде мемлекет­тік қызмет­кер­лер­дің бі­лі­мін, біліктілігін жетілдіріп, олардың жа­уап­кер­­ші­лі­гін сезіндіріп, кәсіби біліктілігін арт­­тыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл бағытта Қа­­з­ақстанда әлі де көп жұмыстар жасауға болады. 
– Әңгімеңізге рақмет!