Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратындағы және аймақтық, аумақтық филиалдарының аппараттарындағы бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратындағы және аймақтық, аумақтық филиалдарының аппараттарындағы бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

Айқын-ақпарат
653
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратындағы  және аймақтық, аумақтық филиалдарының аппараттарындағы бос лауазымдарға  орналасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптар:

Қазақстан Респубикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының консультанты лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару)», «құқық (заңтану)» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттің басқару, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуды талдау, заңнаманы әзірлеу және сараптама жүргізу салаларында мемлекеттік органдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы;
партияның Орталық аппараты Қаржы және активтер департаментінің консультанты лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «құқық», «жаратылыстану ғылымдар», «гуманитарлық ғылымдар», «техникалық ғылымдар және технологиялар», «білім беру» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Активтерді басқару корпоративтік стратегиясын әзірлеу және іске асыру, түгендеу, бағалау және активтердің тізілімін жүргізу, әкімшілік-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
партияның облыстық (аймақтық) филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика)», «жаратылыстану ғылымдары», «гуманитарлық ғылымдар», «техникалық ғылымдар мен технологиялар» «білім беру» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттің ішкі саясатын жоспарлау және мониторингілеу, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму саласында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, соның ішінде басқарушы лауазымдарда кемінде 1 жыл. Сайлауалды науқандарды ұйымдастыру және өткізуде жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның облыстық (аймақтық) филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика)», «жаратылыстану ғылымдары», «гуманитарлық ғылымдар», «техникалық ғылымдар мен технологиялар», «білім беру» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттің ішкі саясатын жоспарлау және мониторингтеу, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму саласындағы мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде 2 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның облыстық (аймақтық) филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «құқық (құқықтану)», «жаратылыстану ғылымдары», «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Стратегиялық жоспарлау, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму, ақпаратты талдау және басқару саласындағы мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде 2 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі.
партияның облыстық (аймақтық) филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесі сарапшысының лауазымы үшін:
«Білім беру», «гуманитарлық ғылымдар», «құқық (құқықтану)», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, саясаттану)», «жаратылыстану ғылымдары», «қызмет көрсетулер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттік қызмет көрсету және халықпен жұмыс істеу саласында мамандығы бойынша қызмет өтілі 1 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның облыстық (аймақтық) филиалының бас бухгалтері лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы)» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Бухгалтерлік есеп саласы бойынша қосымша даярлығының болуы, «1С Бухгалтерия, 8.2» бағдарламасы бойынша даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы. Магистр дәрежесінің болғаны жөн. Бухгалтерлік есепке алу және қаржы саласында және/немесе бақылау-ревизия органдарында мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде 3 жыл, соның ішінде басқарушы лауазымдарда кемінде 1 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның облыстық (аймақтық) филиалы бас бухгалтерінің көмекшісі лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы)» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Бухгалтерлік есеп саласы бойынша қосымша даярлығының болуы, «1С Бухгалтерия, 8.2» бағдарламасы бойынша даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы. Магистр дәрежесінің болғаны жөн. Бухгалтерлік есепке алу және қаржы саласында және/немесе бақылау-ревизия органдарында мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде 2 жыл. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партияның аудандық (аумақтық) филиалы есепке алу және статистика секторының меңгерушісі лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, маркетинг, статистика), «құқық (құқықтану), «білім беру», «жаратылыстану ғылымдары», «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттің ішкі саясатын жоспарлау және мониторингтеу, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму саласында мамандығы бойынша қызмет өтілі кемінде 2 жыл. Ақпаратты талдау және басқару дағдылары. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партия аудандық (аумақтық) филиалының консультанты лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, жұртшылықпен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика), «жаратылыстану ғылымдары», «гуманитарлық ғылымдар», «техникалық ғылымдар мен технологиялар», «білім беру», «құқық (құқықтану)» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. Мемлекеттің ішкі саясатын жоспарлау және мониторингтеу, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму саласында мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болғаны жөн. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
партия аудандық (аймақтық) филиалының сарапшысы лауазымы үшін:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика), «жаратылыстану ғылымдары», «гуманитарлық ғылымдар», «техникалық ғылымдар мен технологиялар», «білім беру» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім. «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысушының сертификаты, «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалы атқарушы хатшысының жазбаша ұсынысының болғаны жөн. Дербес компьютермен және Word, Excel, Internet компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі.
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, 010000, Астана қаласы, Д.Қонаев көш. 12/1, тел.: (8-717-2) 70-76-52, электрондық мекенжайы: g.chakshanova@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
1) Қазақстан Респубикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының консультанты (1 бірлік); 
2)  партия Орталық аппараты Қаржы және активтер департаментінің консультанты (1 бірлік).
Ақмола облыстық партия филиалы, 020000, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көш., 117-үй, тел.: 8(7162) 722-458, электрондық мекенжай: akmola@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
Еңбекшілдер аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік);
Ақкөл аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
Ақтөбе облыстық партия филиалы, 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Тургенев к., 86-үй, тел.: 8(7132) 549-440, электрондық мекенжайы: nur_otan_aktobe@mail.ru, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
облыстық партия филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты (1 бірлік);
2)  облыстық партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты (1 бірлік, қайта).
4. Алматы облыстық партия филиалы, 000004, Алматы облысы, Талдықорған қ., Жансүгіров к., 13 А үй, тел.: 8 (7282) 305-494, 305-590, электрондық мекенжайы: almaty.oblast@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) Ақсу аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік);
2) Сарқан аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік, қайта).
3) Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік, қайта);
4) Ескелді аудандық партия филиалының сарапшысы (1 бірлік).
5. Атырау облыстық партия филиалы, 060000, Атырау облысы, Атырау қ., Әйтеке би к., 79а үй, тел.: 8 (7122) 276-656, электрондық мекенжайы: atyrau@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) облыстық партия филиалы бас бухгалтерінің көмекшісі (1 бірлік);
2) облыстық партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты (1 бірлік);
3) Махамбет аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік);
4) Исатай аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
6. Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалы, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Қ. Қайсенов к., 121-үй, тел.: 8 (7232) 705-547, электрондық мекен-жайы: vko@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды: 
1) облыстық партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты (1 бірлік, қайта);
2) облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің сарапшысы (1 бірлік);
3) Өскемен қалалық партия филиалы есепке алу және статистика секторының меңгерушісі (1 бірлік, қайта);
4) Өскемен қалалық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
7. Жамбыл облыстық партия филиалы, 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Достық алаңы, 1-үй, тел.: 8 (7262) 435-492, электрондық мекенжайы: zhambyl@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
облыстық партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты (1 бірлік, қайта);
Талас аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
8. Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Ж. Молдағалиев к., 19-үй, тел.: 8 (7112) 242-666, электрондық мекенжайы: zko@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
1) облыстық партия филиалы бас бухгалтерінің көмекшісі (1 бірлік);
2) Орал қалалық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
Қарағанды облыстық партия филиалы, 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 4-үй, тел.: 8 (7212) 400-851, электрондық мекенжайы: karaganda@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
облыстық партия филиалының бас бухгалтері (1 бірлік);
Осакаров аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік);
Қостанай облыстық партия филиалы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қ., Гоголь к., 111-үй, тел.: 8 (7142) 391-743, электрондық мекенжай: kostanay@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
1) Рудный қалалық партия филиалының консультанты (1 бірлік);
2)    Ұзынкөл аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
11. Қызылорда облыстық партия филиалы, 120014, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев к., тел.: 8 (7242) 270-045, электрондық мекенжайы: kyzylorda@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) облыстық партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты (1 бірлік, қайта);
2) Арал аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
12. Маңғыстау облыстық партия филиалы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 ш.а, 1Б ғимараты, тел.: 8 (7292) 429-748, электрондық  мекенжайы: mangistau@nurotan.kz, келесі бос лауа­зым­дық орын бойынша конкурс жариялайды:
1) облыстық партия филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты (1 бірлік);
2) Түпқараған аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік, қайта).
13. Павлодар облыстық партия филиалы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Кривенко к., 25А үй, тел.: 8 (7182) 301-289, электрондық мекенжай: pavlodar@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
1) облыстық партия филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты (1 бірлік);
2) Баянауыл аудандық партия филиалының консультанты (1 бірлік, қайта).
14. Солтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы, 150000, Петропавл қаласы, Абай көш., 15 үй, тел. (8 7152) 36-92-34, электрондық мекенжай: sko@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орындар бойынша конкурс жариялайды:
М.Жұмабаев атындағы аудандық филиалының консультанты 
(1 бірлік, қайта).
15. Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы, 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Бейбітшілік к., 3-үй, тел.:8 (7252) 353-870, электрондық мекенжайы: uko@nurotan.kz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
1) Мақтаарал аудандық партия филиалы есепке алу және статистика секторының меңгерушісі (1 бірлік);
2) Арыс қалалық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
Астана қалалық партия филиалы, 010000, Астана қ., Тәуелсіздік к., 3-үй, тел.: 8 (7172) 364-619, электрондық мекенжайы: astana@nurotan.кz, келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
«Өркениет» аумақтық партия филиалының консультанты (1 бірлік).
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Нұр Отан» партиясының Жарғысын, Доктринасын, Сайлауалды бағдарламасын, «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу партияның Орталық аппаратындағы лауазымдарға кандидаттар үшін Орталық аппарат ғимаратында, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарындағы лауазымдарға кандидаттар үшін облыстық (аймақтық) филиалдар ғимараттарында өтеді.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар: (белгіленген нысандағы өтініші, жеке куәлік көшірмесі, нотариалды немесе жұмыс орны бойынша кадрлық қызмет бекіткен білім туралы құжаттарының көшірмелері, нотариалды немесе жұмыс орны бойынша кадрлық қызмет, не заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі, кандидаттың қызмет ету жолының бекітілген нысандағы тізімі) 2016 жылғы 9-15 желтоқсан аралығында, яғни байқау өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Байқау комиссиясының қарауына азаматтар құжаттарды қабылдау бойынша хабарландыруда көрсетілген мерзімінде қолма-қол тапсырған, пошта арқылы немесе электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде жолдаған құжаттар қабылданады.
Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар, тестілеу өткізілген күннен кейін үш жұмыс күн ішінде сұхбаттасудан (Партияның орталық аппаратындағы лауазымдарға – Орталық аппарат ғимаратында, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарындағы лауазымдарға – партияның облыстық (аймақтық) филиалдарының ғимараттарында өтеді).
Тестілеу және сұхбаттасу өткізу күні мен уақыты туралы ақ­парат партияның http://nurotan.kz/ веб-сайтында жарияланатын болады.
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының және аймақтық, аумақтық филиалдары аппараттарының бос лауазымдарына кан­дидаттарды конкурстық іріктеу ережесі партияның http://nurotan.kz/ веб-сайтында жарияланған.
Іріктеу байқауына қатысқан тұлғалардың шығындары (көлік­пен жол жүру, тұрғынжай және т.б.) өтелмейді.