Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жас отбасыларға 90 пәтер беріледі

Жас отбасыларға 90 пәтер беріледі

Айқын-ақпарат
1235
Жас отбасыларға 90 пәтер беріледі Ақмола облысында Атбасар аудандық «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауында «Қазақстан тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының бизнесті дамыту бөлімінің І санаттағы кеңесшісі Қанат Нарботин тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында  жұртшылық тара­пынан есепшот ашу, банк жүйесі бойынша бағ­дарламалар  жөнінде сұрақтар қойылды.  
– «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы бойынша Ақмола әкімдігі және «Қазақстантұрғынүй­құ­рылысжинақбанкі» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес 2017 жылы жалпы алаңы 14 233 шаршы метр 216 пәтер тапсыру жоспарланған. Осыған орай банк өкілінің айтуынша, бағ­дарламаға банк салымшылары, со­нымен қатар жергілікті атқарушы ор­гандардың кезекте тұрған қызмет­керлері қатыса алады. Бұл ретте бағ­дарламаға қатысу үшін барлық санаттардың банкте міндетті түрде де­позиті болуы шарт. 
Бұдан басқа мемлекеттік бағдар­ла­маларға қатысып,  салымшылар  нарық­тық тұрғын үйлерді  (екінші нарықтағы) ала алады. Өйткені  «Қазақстан тұр­ғынүйқұрылыс­жинақбанкінде» несие бойынша пайыздық мөлшер республика бойынша ең тиімді  болып табылады, – дейді филиал дирек­торының орын­басары.
Қазіргі кезде банктың Ақмола облысы орталық филиалы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы жасалған шарттардың жалпы саны 20 мыңнан асқан. Депозит­тердегі жалпы қалдықтарының сомасы 11 000 млн теңгені құрайды. 8 505 млн теңге сомасына 2 285 несие берілген.
«Халықтың барлық санатына арналған баспана» бағыты бойынша бүгінгі күні құрылыс бағдарламасын іске асыруды бастағаннан бері  құрылыстың аяқталған көлемі 38,273 мың шаршы метр. Бұл дегеніңіз, 600 пәтер. «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша осы кезеңге 14 857 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 263 пәтер пайдалануға берілген.
Биылғы жылдың соңына дейін «Ха­лық­тың барлық санатына арналған бас­пана» бағыты бойынша тағы 4 743 шар­шы­метр  тұрғын үй немесе 75 пәтер «Жас отба­сылар үшін тұрғын үй» бағыты бойын­ша 5,785 шаршы метр тұрғын үй немесе 90 пәтерді пайдалануға беру жос­парлануда.    
 

Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ