Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Сыр еліне келді

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Сыр еліне келді

Айқын-ақпарат
1002
 «Тәуелсіз  Қазақстан»  пойызы Сыр еліне келді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб мүшесі, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Жұмажан Жүкенов «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға облыстық партия фи­лиалының басшылығы, облыстық құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, партия  белсенділері мен қала тұрғындары және БАҚ өкілдері  қатысты. Жалпы қабылдауға 30-ға жуық азаматтар келіп заң аясында тиісті кеңестер алды. 

Ерхан Барғанаев  қабылдау кезегіне тіркелген ең алғашқы азамат. Ол «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өкілдерінің партия ғимаратында қабылдау өткізетінін телеарна жаңалықтарынан естіген. Қабылдауға  өзінің 16 жыл құқық қорғау саласында қызмет жасап, бүгінгі таңда зейнетақы ала алмай отырғандығын айтып шағымданды. Нақты айтар болсақ, Ерхан қалалық Ішкі істер басқармасында 1990 – 2006 жылға дейін жұмыс жасап, 2006 жылы отбасы жағдайына байланысты өз еркімен жұ­мыстан шығады. Сол кезде  оған әріптестері 1-2 жылдан соң зейнеткерлікке арыз жа­зып, зейнетақы алуға кеңес береді. Алайда барлық құжаттарын жинақтап, облыстық ішкі істер департаментіне бірнеше барған Ерхан еш нәтиже болмаған соң «Нұр Отан» партиясына сенім артып келгенін айтады.  
Штаб мүшесі, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық  қабылдауының  меңгерушісі Жұмажан Жүкенов  Ерхан Барғанаевтың мәселесіне қатысты  Орталық партия аппаратына барған соң тиісті министр­ліктермен шешуге уәде етті. 
Қоғамдық қабылдауда қала тұрғыны Ақылбек Төремұратовтың да өтініші қаралды. Ол өз өтінішінде осыдан 2-3 ай бұрын жергілікті полиция қызметкерлері оның автокөлігін тоқтатып, мемлекеттік нөмірін шешіп алған. Онымен қоса бала­ғаттап, дөрекілікпен сақтандыру қағазын бермей қойғандығын жеткізді. «Қабылдауға  келгенім менің құқығымды қорғаудың орнына мені келемеждеген азаматтарға тәртіптік  шара көрілсе деймін» деді ол.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция под­полковнигі Ердаулет Жәукеев, Ақылбектің мәселесін толық зерттеп барып  заң аясында тәртіптік шара көрілетінін жеткізді. 
Мукибаева Лаура есімді азаматша жеті жасар қызын қала тазалығы жұмыстарымен айналысатын  «Қызылорда тазалығы» ЖШС мекемесінің жүргізушісі Камаз авто­көлігімен басып кетіп, бүгінгі таңда жа­засыз қалғанын айтты. Яғни, бұл жерде жүргізуші емес неге кішкентай қыз кінәлі болып қалғанына әлі күнге дейін сенгісі жоқ. Прокуратураға шағымданайын десе жергілікті полиция қызметі тарапынан тиісті құжаттарды ала алмай жүргенін айтады.  
Қабылдау барысында Лаура Мүкибаева құқығы шектетілмей әрі қарай амалдар қолдану бағытында кеңес беріліп, тиісті құжаттарды алып беруге көмек көрсетілетін болды. Мәселенің шешімін табатынын естіп қуанған ана «Нұр Отан» партиясына алғысым шексіз»  дейді. 
Қоғамдық қабылдауға келген азамат­тардың  50 пайызының өтініштері оң ше­шілді. Қалғандарына заң аясында кеңестер берілді. Бірқатар арыз-өтініштердің орындалуын біз өз бақылауымызда ұс­тайтын боламыз, – деді облыстық  партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Қабылдауға келген қызылор­да­лық­тардың  көкейкесті мәселелерін шешуге ықпал етіп, ұсыныстарын тыңдағаннан кейін «Нұр Отан» партиясы қабылдауының жетекшісі Жұмажан Жүкенов  бірқатар партия  ардагерлерін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, «Алғысхат» және бағалы сыйлықтар табыстады.
Ол өз сөзінде  еліміздің  Тәуелсіздік жылдардағы жетістігін Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың сындарлы саясатымен  бай­ла­ныс­тырып, оны кейінгі ұрпаққа насихаттауда   ардагерлер алтын қазына екендігін атап өтті.  
 Онан соң штаб мүшесі «Тәуелсіз Қа­зақстан» акциясы аясында Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, мемлекеттік қызметтер көрсету  жұмыстарын жетілдіру бағытында кеңес беріп,   «Халық» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты.
 Сонан соң  акция аясында ұйым­дастырылған «Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына» арналған мерекелік гала-кон­церттің қадірлі қонағы болды.  

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда облысы