Негізгі бет  /  мақалалар  /  Балаларға «28 панфиловшы» фильмі көрсетілді

Балаларға «28 панфиловшы» фильмі көрсетілді

Айқын-ақпарат
963
Балаларға   «28 панфиловшы» фильмі көрсетілді Жуырда «25 жұлдызды күн» және «Ризашылық» акциялары аясында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы Қостанай облыстық және Рудный қаласы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «28 панфиловшы» атты фильмінің қайырымдылық көрсетілімі ұйымдастырылды.

– 28 панфиловшылар ерлігі  кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде ерекше орын алды. Бұл панфиловшылардың қай­сарлығы – қазіргі жастар үшін  батырлық пен жоғары патриоттық сезімінің жарқын үлгісі. Сол аға ұрпақ өкілдерінің табанды­лығы мен өжеттігі баршаға өнеге,  – деді өз сөзінде майдангер Михаил  Подоляков.
Өз әсерлерімен бөлісе келіп, Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі Евгений Ковочко   былай деді:
– Бүгін өзіміз көзбен көріп, көңілге түйген «28 панфиловшы» шын мәнінде, өз халқының нағыз батырлары,  олар жауды шекарамызға кіргізбеу үшін тіпті өмірлерін қиюға дайын еді. Міне, нағыз елге  деген сүйіспеншілік пен ерліктің нақты үлгісі.
Небәрі  отызға жетпейтін адамның жаудың 13  танкісін  жоюы ұмытылмас қай­сарлықтың дәлелі. Біз жас ұрпақ, жас­тар, аталарымыздың осындай қаһар­ман­дығын ешқашан да ұмытпауға тиістіміз.  
Фильм аяқталған соң балалар үйіндегі тәрбиеленушілер ардагерлермен сөйлесіп, олардың кешегі қанды майдан жайлы әңгімелерін тыңдауға мүмкіндік туды.  
Жоғарыда аталған «28 панфиловшы» фильмін жасөспірімдермен қатар Қостанай қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий  Харьяков, запастағы генерал-майор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрметті қызметкері Михаил Дәуенов және Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Подоляков тамашалады.

Оразалы ЖАҚСАНОВ,
Қостанай облысы