Негізгі бет  /  мақалалар  /  Білім сапалы болуы керек

Білім сапалы болуы керек

Айқын-ақпарат
836
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиынға Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Әбдіманап Бектұрғанов төрағалық етті.

Отырыс барысында еліміздегі білім беру ұйымдарын лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау мәселелері, сонымен қатар білім беру ұйымдарының халықаралық акредиттеуге көшу мәселесі қарастырылды.
Комиссияның жұмысына Мәжіліс депутаттары, облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары, Білім және ғылым ми­нистрлігінің өкілдері,  жоғары оқу орында­рының ректорлары, жергілікті білім басқар­маларының басшылары, сондай-ақ про­фильді қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері қатысты. 
Партиялық куратор Әбдіманап Бектұрға­нов білім беру ұйымдарын лицен­зиялау және мемлекеттік аттестаттау мәселелері, сонымен қатар жоғары оқу орындарын халықаралық акредиттеу білім беру сапасын бақылаудың бір көрінісі бо­лып табылатындығын және қолданыс­тағы Қазақстан Республикасының заңнамасы­мен, соның ішінде «Білім беру туралы» заңмен реттелетінін атап өтті. 
Сонымен қатар халықаралық ак­ке­диттеуден өткен мемлекеттік жоғары оқу орындарының білім беру бағдар­ла­малары бойынша сандық көрсеткіштер білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасын жүзеге асыруды партиялық мониторингілеу және бақылау бойынша көрсеткіштердің тізіміне енгендігін депутат қосымша айтып өтті. Сондықтан аталған бағыт бойынша сапалы мониторинг жүргізу үшін барлық деңгейде құзыретті мем­лекеттік органдармен өзара тиісті қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ету қажет.
Отырыста Білім және ғылым министр­лігінің Білім беру және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.Пірім­құлов сөз сөйлеп, білім беру қызметін ли­цензиялау саласындағы жағдай, мемле­кет­тік аттестация нәтижесі бойынша білім беру мекемелерінің жұмысындағы пробле­малық мәселелер мен кемшіліктер, соны­мен қатар осы саладағы жаңа нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жоғары оқу орындарының халықаралық аккредиттеуге өту ерекшеліктері туралы баяндады.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары, комиссия мүшелері А.Сапарова және   Н.Жұмаділдаева, аймақтардағы әкімдердің орынбасарлары, құзыретті мемлекеттік органдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары да сөз сөйледі.
Жиын соңында комиссия мүшелері тарапынан құзыретті мемлекеттік орган­дарға жолданатын ұсыныстар дайындалды. 

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ