Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әйелін ойлап, премьерлік қызметтен кетті

Әйелін ойлап, премьерлік қызметтен кетті

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
993
Әйелін ойлап, премьерлік қызметтен кетті Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джон Кей кенеттен қызметтен кететінін мәлім етті. Мұның себебі неде?
  • ­-Бұл мен үшін күтпеген жерден жасалған шешім болды. Ары қарай не істерімді білмеймін,  - деп мәлімдеді ол.
  • Кейін белгілі болғанындай,  Джон Кейдің зайыбы Брон ханым күйеуі үкіметте қызмет жүргенде үйде жалғыз қалады екен. Екі баласының жағдайын жасап, отбасында отырған ханым ақиқатында зеріге бастаған-ау...
  • 30 жылдан бері ерлі-зайыпты екеудің бірге өмір сүріп келе жатқанын ескерсек, бұл жайтты да түсінуге болар. Джон  Кей - соңғы сегіз жылдан бері үкімет басшысы.
  • -Мен  саясатпен айналысып жүргенде Брон ханым  көп уақытын үйде өткізеді. Менің лауазымдық қызметімнің өрлеуіне оның көп септігі тиді. Сондықтан менің бір қадам кейін шегінуіме тура келіп отыр, -дейді премьер –министр Джон Кей.
  • Осы мәлімдемеден кейін-ақ  Джон Кей өзінің орнына  келетін адамды дайындап жатқанға ұқсайды. Оның ізбасары, партиялас серігі - Билл Инглиш.
  • Әңгіме мынада: Джон Кейді ешкімүкіметтен  қуып жатқан жоқ. Отбасын ойлап, елдегі үлкен қызметті өз еркімен тастап бара жатыр...