Негізгі бет  /  мақалалар  /  Автобус жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты

Автобус жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты

Айқын-ақпарат
904
Автобус жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты Ақмола облысында жолаушылар таситын автобус пен жеңіл көлік соғысып, төрт адам қаза тапты.

Жол апаты сағат 14.10-да Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болған. Полиция мәліметінше, 49 жолаушысы бар Бурабайдан шыққан автобус Астанаға барар жолда алдында кетіп бара жатқан Nissan Cefiro артынан соққан. 

Жеңіл көлікте отырған үш әйел автомобильдің салонында қайтыс болған. Сонымен қатар, автобус соққыдан кейін, жол бойында тұрған ВАЗ-2106 көлігінің жүргізушісін қағып өлтірген. 

Куәгерлердің мәліметінше, жас жолда кептеліс болған. Бір жүргізушінің айтуынша, ол Щучинскіден Астанаға 12.30-да шыққан. Шамамен бес сағат бойы кептелісте тұрып, полицейлер жолды жабамыз дегеннен кейін қайта Щучинскіге қайуға мәжбүр болған. 


kaz.tengrinews.kz