Негізгі бет  /  мақалалар  /  5 желтоқсан күні ШҚО оқушылары сабаққа бармайды

5 желтоқсан күні ШҚО оқушылары сабаққа бармайды

Айқын-ақпарат
818
5 желтоқсан күні ШҚО оқушылары сабаққа бармайды Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылды.

«Қазгидромет» РМК филиалының хабарлауынша, 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, 15-20 метр/секундпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейуіне байланысты, 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген департаменттің хабарламасында. Бұған дейін ауа райының бұзылуына орай ШҚО-да бірқатар тас жолдар жабылғандығы хабарланған болатын. Мәселен, 4 желтоқсан сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» (778-1079 шақырым) тас жолы жабылды. 4 желтоқсан 14:00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты маршруттық рейстік автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» (8-198 шақырым) жолы жабылды. 4 желтоқсан 15:45-тен бастап бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты барлық автотранспорт үшін Новотроицск ауылына кіреберістегі облыстық маңыздағы жолдың 0-22 шақырым аралығы жабық. 4 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап, 5 желтоқсан таңертеңгі 08:00-ге дейін бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңыздағы «Өскемен-Зырян-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» автожолының 4-65 шақырым аралығында барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелді.


inform.kz