Негізгі бет  /  мақалалар  /  Иттен абайлаңыздар!

Иттен абайлаңыздар!

Жолдасбек Дуанабай
544
Иттен абайлаңыздар! Бұрын пәтерінде ит ұстайтын өзге ұлттарды жақтыра бермеуші едік.

 «Күлген басқа келеді» деген рас екен, енді  үй ішінде итімен бірге өмір сүретін қазақтар да көбейе бастады. Бұл баласы жоқ үйдің тірлігі дейін десең, тағы да ақылға қонбайды. Тіпті баласының туған күніне  күшік сыйлап «қуантып» жатқандарды көргенде жаның ауырады.

Ит иттігін жасайтыны рас. Бөлмелерді аралап, үстіндегі жүн-жұрқасын түсіреді. Одан қала берсе көрінген жерді икелеп, сілекейін қалдырады. Әсіресе балалардың бетін, қолын жалау қорқынышты екен. Себебі...

1. Балалардың бетін жалау арқылы ит өзін «үйдегі мықтының бірі» екенін дәлелдейді. Екіншіден бұл еркелеу де секілді. Алайда сол сәтте бала шыңғырып немесе қатты жылайтын болса ит бетін қауып алуы  әбден мүмкін.

2. Егер итті малдың шикі етімен, әсіресе тауық етімен тамақтандырып жүрсеңіз,  бала қылауға ұшырауы мүмкін.

3. Ит те, мысық та қанша үйретілгенімен кейде үйде дәрет сындырады. Бұл өте қауіпті, ауру таратудың бір жолы.

4.Үйде мысықпен немесе итпен бірге жатуға болмайды. Әсіресе оларды сипау арқылы көптеген жұқпалы ауру адамға да жұғуы мүмкін.