Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қытайда ауа сата бастады

Қытайда ауа сата бастады

Айқын-ақпарат
1258
Қытайда ауа сата бастады Қытайда лас ауадан зардап шеккендер енді таза ауаны сатып алуға мүмкіндігі бар.

 Бұл үшін Жаңа Зеландиядан жеткізілген бір құты таза ауаны сатып алсаңыз жеткілікті. Көлемі  7,7 литр келетін ауаның бағасы 219 юань тұрады (30 доллардан сәл асады). Сатушылар бір құты 180 рет тыныс алуға жететіндігіне кепілдік беріп отыр.

«The South China Morning Post» басылымы канадалық таза ауаның да жаман еместігін жарыса жазып жатыр. Оның құны  108 юань (16 доллар), ең үнемшіл Вэйхай қаласында бұл 5 юань ей, немесе 0,7 доллар.

Қытайлықтар үшін ең лас қалада (мысалы Пекинде) тұратындарға жеңілдіктер жасалған.

Қытай шын мәнінде экологиясы нашар елдердің бірі. Өнеркәсіп орындарынан шығатын түрлі қалдықтар қалаларды түтін болып басып қалады. Осыдан да болар кейбір қалаларда қауіптің «қызыл сызығы» жарияланып жатады. Мұндай кездері ауаның ластануы әдеттегіден 20 есеге артып кетеді екен.Бұл өкпе рагын тудырады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда жылына әлемде лас ауадан 223000 адам өкпе ррагына ұшырап, ақылы өліп тынған. Оның 50 пайызы қытайлықтарға және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тиесілі көрінеді.