Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ердоғанның ойында не жатыр?

Ердоғанның ойында не жатыр?

Айнұр Қазыкенова
1208
Ердоғанның ойында не жатыр? Түркияның Әділет және даму билік партиясымен (ӘДП) оппозициялық Ұлттық қозғалыс партиясы елдегі жаңа конститутция жөнінде бір келісімге келді.

Алдағы аптада жаңа Ата заңды параламент қарамақшы.Егерде 330  депутат  қолдайтын  болса, алдағы жазда  жаңа конститутцияға байланысты бүкілхалықтық референдум  өтпек. Бұл жөнінде ӘДП төрағасы һәм мемлекет  премьер министрі  Бинали Ілдірім хабардар  етті. Сарапшылардың  айтқанына  құлақ түретін болсақ,  жаңа конститутция президенттің өкілеттігін  кеңейтеді. Нақтылай  түсетін болсақ, президент  жаңа заңда көрсетілгендей, министрлер кабинетін  және оның басшысын тағайындау  құқығына  ие  болмақ. Сонымен қатар, мемлекет  қарулы  күштері, арнайы  қызмет  мекемесі, Жоғарғы әскери  кеңес т.б  әлеуетті   құрылымдар   тек  президенттің   басқарылымына  өтпек. Премьер  министрдің айтуынша  жаңа  конститутция президенттің партия  мүшесі  болып  қала  беруіне де мұмкіндік береді екен. Дегенмен президенттік басқарылымға  қарсыларда   жеткілікті.   Әсіресе парламенттегі Халықтық   республикалық  партия мен Күрдтік халықтық  демократиялық  партиясы  елде парламенттік   басқарылымды   шеттетуге қарсы. Олардың пікірінше 1923 жылы құрылғалы  бері  тек  парламенттік мемлекет  болып  келе  жатқа Түркия  сол  қалыпта қалғаны  жөн.  Егерде билік Ердоғанға  тиетін  болса, онда өздерінің қысымға, қуғынға  ұшырайтындарын  айтып  дабыл  қағуда. Дегенмен   бар  мәселе депутаттардың жаңа конститутцияны  қолдай ма, әлде  қолдамай ма деген сауалға тіреліп  тұр. Өйткені парламенттегі  билік  партиясы басым  дауысқа  ие. Демек Ердоғанның көксегені көп  ұзамай   болатыны анық. Ал жалпы  халықтық  референдумда  халық Ердоғанды  қолдайтыны қазірдің өзінде белгілі. Өйткені  жазда бола жаздаған  мемлекеттік төңкерістің алдын алып,  елдегі іріткі  салуға  тырысқандардың бәрін қуып,  түрмеге тығып, «тазалау»  жүргізген Ердоғанның  ендігі жолы ашық. Жұрт  Ердоғанды  тұлға ретінде,  батыр ретінде таниды. Оның  үстіне  2003  жылы биліккке  (Премьер министр)  келгелі бері  Түркияда  тек  өркендеу  болғаны  анық. Халықтың әл-ауқаты түзелді. Түркия әлемдегі  экономикасы  ірі он елдің қатарына  енді. Саясатта да өзіндік салмағы  бар, аймақтық лидерге айналды. Мұның  бәрі Ердоғанның ел  басқарудағы  сәтті реформаларының арқасы. Сондықтан  Ердоған  елде президенттік  билікті енгізгісі келсе, түрік халқы  оны  жақтайтыны анық.  Мұны  Ердоған білмейді емес, біледі. Сондықтан  осы  сәті  пайдаланып  бар билікті бір уысқа жинақтауға  тырысып  отыр. Егерде бәрі өзі  ойлағандай  болатын  болса, 2023 жылы Түркия  мемлекетінің құрылығанына 100 жыл толатын  мерейтойында түрік халқының кемеңгері,  жаңа  түрік мемлекетінің (1923  жылы құрылған) тұңғыш басшысы Мұстафа  Кемал Ататүрік   секілді Режеп Тайып  Ердоғанның да аты алтын әріппен түрік тарихына жазылары  хақ. Бірақ  бүгінгі  күні  билікті  бір  қолға жинауы  Ердоғанды диктаторлыққа   бастап кетпесе  болды. 

                                                  Айнұр Қазыкенова