Трамп Обаманың жолымен жүрмейді
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1309

Огайо штатында өткен митингте ол алдағы уақытта әлемнің әр жерінде мемлекет басқарып отырған Ақ үйге қолайсыз президенттерді орнынан алу туралы керексіз іспен айналыспайтынан айтты.
⦁ Мен сайлау алдында берген уәдемді орындаймын. Біз әлемдегі АҚШ-қа қолайсыз үкімет пен билік басшыларын орнынан алуға ұмтылмаймыз. Барак Обама басқарған Ақ үй осындай мақсатқа 6 триллион доллар бөлген. Ал біз мұндай қаржыларды елдің экономикасын көтеріп, ішкі жағдайды тұрақтандыруға жұмсайтын боламыз. Сөйтіп сыртқа кетіп жатқан есепсіз ақшаны қайтарып, ішкі мүмкіндікке көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Басқа елдерге АҚШ-тың демократиясын орнатудың қажеті шамалы, - деді Дональд Трамп.