Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шешенстанда енді арақ сатылмайды

Шешенстанда енді арақ сатылмайды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1395
Шешенстанда енді арақ сатылмайды Шешенстанның «Кавказ» жол трассасында ірі жол апаты болып, соның салдарынан 8 адам қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы ішімдік ішкен жұргізушінің кінәсінен орын алған. Бұл туралы республика басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram желісінде мәлім етті. 
⦁    Маған Шешен Республикасының жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі штабының басшысы Магомед Даудов хабарласып,   «Кавказ» жол бойында ірі апаттың орын алғанын айтты. Апат «Форд» машинасы жүргізушісінің кінәсінен орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ол рульде мас күйінде отырған. Ішімдік ішкен жүргізуші сөйтіп сегіз адамды құрбан етті, -деп мәлімдеді Рамзан Қадыров.  
Қайтыс болған азаматтардың ішінде екі жасөспірім бар. Осы оқиғадан ке    йін Шешен Республикасының аумағында ішімдік сатылмайтын болды. 
Ел аумағында арақты сатуға тыйым сала алмаймыз. Бұған қатысты арнайы заң бар. Барлығы да сол заңның аясында істелуі тиіс. Бірақ маған елде арақ-шарап өндірісімен айналысатын 20  кәсіпкер келіп, енді бұл іспен айналыспайтынын айтты. Мен оларды мәжбүрлеген жоқпын. Олар автокөлік апатынан кейін осындай шешім қабылдады. Мұны елдің діни және рухани басқармасы да қолдап отыр.  Демек, бүгінгі күннен бастап, Шешен Республикасында мүлде арақ-шарап сатылмайды. Бұл қадам азаматтардың өз еркімен қабылданды. Сондықтан шешен халқы қалаған бұл шешімді мен кері қайтара алмаймын,  - деп мәлімдеді ол.
Ақиқатында, шешен президентінің діни басқарма өкілдеріне егер де кім де кім ішімдік ішіп, бірнеше адамды өлімге душар етсе, олардың жаназасын шығармау туралы құлаққағыс еткені рас. Рамзан Қадыровтың ойынша, «мұндай адамдар арақ ішіп, шариғат заңына қайшы келеді. Ішімдіктің харам екенін біле тұра осындай қадамға барады. Демек, олардың бұл жүрісін саналы түрде жасалған лаңкестік әрекет  деп бағалау керек». 
Сегіз адамды құрбан еткен жол-көлік оқиғасынан кейін арақ-шарап сататын елдегі барлық ірілі-ұсақты дүкеннің басшыларын Шешен Республикасының жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі штабының басшысы Магомед Даудов шақырып, олармен әңгіме өткізген. Осы әңгімелесуден кейін арақ-шарап өндірісімен айналысатын 20 кәсіпкер өз еріктерімен лицензияларын мемлекетке қайтарып берген. Сөйтіп арақ өндірісімен шұғылданудан мүлде бас тартқан. 
Дін мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты қатал ұстанатын шешен халқының бұл шешімі құптауға тұрарлық. Бірақ бұл Қадыровтың мәжбүрлеген  талабы ма, жоқ әлде, халықтың шын мәніндегі шынайы қадамы ба, ол жағы белгісіз. Бірақ ақаиқаты, арақтың азапқа апаратыны.