Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұр Отан» партиясы үміт сыйлады

«Нұр Отан» партиясы үміт сыйлады

Айқын-ақпарат
968
«Нұр Отан» партиясы үміт сыйлады Дмитрий Мисчанчук – Теміртау қаласының тұрғыны. Биыл Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын бітірді. Бүгінде академиялық есу бойынша спорт шеберіне кандидат.

Дмитрий кеше Астанада Елбасының қатысуымен өткен жастар форумына келді.

О баста әскери қызметкер болуды армандап, әйтсе де Ұлттық бірыңғай тес­­тілеудің межелік бағасын жинай алмай, басқа салаға бет бұрған Дима «Мектеп қабырғасында оқып жүр­генде самбо және есумен айналы­сатынмын. Сабақты төрттік бағаға оқыдым. ҰБТ-ны тапсыра алмай қалғанда, құлазыдым, анамның орнын алмастырған әжемнің артқан үмітін ақтай алмағандай күй кештім. Біраз уақытқа дейін өзіме деген се­нім­сіздік болғанмен, жүрегімнің түк­пірінде жақсылықтан үмітті едім» дейді. Алайда кешкі мектепті ғана бітіріп, жо­ғары білім ордасынан үміті үзілген бозбалаға жұмыс табу қиынға түседі. Қызмет берушілердің барлығы дерлік диплом мен жұмыс тәжірибесіне қарайтын еді. Осындай қиын-қыстау сәтте «Нұр Отан» пар­тиясы көмекке ке­леді. Биылғы жылы Елбасы­ның тап­сырмасымен ҰБТ-дан өте алмай, я оқуда, я болмаса жұ­мыста жоқ жастарды қызметке ор­наластырып жат­қанын білген Дмитрий бұл мүмкіндікті оңтайлы пай­да­ланады. «Бұл бағдарлама туралы әлеу­меттік желілерден біле сала, пар­тиядан көмек сұрап келдім. Алдымен кәсіби ор­та­лыққа оқуға жіберді. Жа­қында саба­ғымды ойдағыдай аяқтадым. Енді «Центр­Промстрой» ЖШС-ге мон­таж­дау­шының көмекшісі ретінде жұмысқа шығамын» деп мақтанып алған жас маман: 
– Елбасы мен партияға маған артқан үміті мен сенімі, көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтамын. Қызметімді адал атқарып, туып-өскен өңіріме қандай да бір пайдамды тигізуге тырысамын. Мемлекет бас­шысының жастығы өткен, жалынды мінезі қалыптасқан Теміртау қа­ласында өмір сүріп, жұмыс жасайты­нымды мақтан тұтамын, – дейді.