Негізгі бет  /  мақалалар  /  Айтжан – байқау жеңімпазы!

Айтжан – байқау жеңімпазы!

Жомарт Молдахметұлы
1135
Айтжан – байқау жеңімпазы!

Республикалық «Казахстанская правда» газеті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында фотосуретшілер арасында «Менің Қазақстаным» деген тақырып бойынша Қазақ елінің әсем табиғаты мен оның тамаша сәтін, ұлттық құндылықты бейнелеген қайталанбас фотосуреттерге арнайы байқау жариялаған-ды. Кеше әділқазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады.

Бір айта кетер жайт, бай­қауға Астана мен Алматы қала­лары мен облыстардағы бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында қызмет атқарып жүрген 60 фо­тотілші мен көптеген фо­тоәуесқойлардан 600-ден ас­там жұмыс келіп түскен. Со­лардың арасынан байқаудың әділ­қазылары «Айқын» газетінің фототілшісі Айтжан Мұрзанов «жүзден жүй­рік, мыңнан тұлпар» шығып, байқаудан бірінші орын иеленіп, жеңімпаз атан­ды. Оның «Ауылдағы жаз» тақырыбындағы фотосуретте – Алматы облысы Райым­бек ауданына қарасты Мұқағали Мақатаев атындағы ауыл балаларының жазғы демалыста асықтың қызығына кірген сәті бейнеленген. Бұл ең үздік шығарма деп бағаланды. Әріптесіміз Айтжан Салықұлын тамаша жеңісімен құттықтап, фотоөнерінде биіктен биікке шырқай беруін тілейміз. 
Байқауда әуесқой фотограф, аға сержант Думан Құрманғалиевтің әскери-патриоттық тақырыптағы фотосуретіне екінші орын бұйырса, үшінші орын Сергей Суровтың туындысына берілді.