Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әлемде біздің оқушылар озып тұр

Әлемде біздің оқушылар озып тұр

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1207
Әлемде біздің оқушылар  озып тұр Кеше әлемдік IEA жүйесі білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы нәтижелерін ресми түрде жариялады.

Зерттеу нәтижелері бойынша, Қазақстан жаратылыстану-математикалық білім сапасы бойынша көшбасшы-елдер қатарына енді, ал қазақстандық оқушылардың нәтижелері әлемдік орташа көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары болып шықты. Бұл туралы «Ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ (ҚР БҒМ ведомствоға қарасты ұйымы) президенті Серік Ырсалиев мәлімдеді.

  • Қазақстандық мектептердің сегізінші сынып оқушылары 2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда математика бойынша нәтижелерін 41 балл, жаратылыстану ғылымы бойынша – 43-ке жақсартты.  Бұл Қазақстанға әлемнің 39 елдері арасынан сәйкесті сегізінші және тоғызыншы орындарды иеленуге мүмкіндік берді.  4 сынып оқушыларының көрсеткен нәтижелері де таң қалдырды. Жаратылыстану ғылымы бойынша орташа балл өсімі 55 балл, математика бойынша – 43-ті  құрады.  Бұл зерттеуге 49 қатысушы-елдер арасында сегізінші және тоғызыншы орын, - деп атап өтті Серік Ырсалиев.

Ырсалиевтің айтуынша, Қазақстан оқушылары Ресеймен салыстырмалы нәтижелерді көрсетті және АҚШ, Англия, Германия, Канада, Аустралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерландов, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа да  елдердегі өз қатарлас құрдастарын басып озды.

  • Беделді халықаралық зерттеудегі біздің еліміздің жетістіктері – бұл біздің оқытушылардың үздіксіз, тер төккен еңбектерінің нәтижесі және Елбасының үнемі көңіл бөлуінің арқасында Қазақстанның білім беру жүйесінің қарқынды және тұрақты дамуының куәсі, - деді Серік Ырсалиев.

Естеріңізге саламыз, TIMSS – бұл 4 және 8 сынып оқушыларының жаратылыстану мен математика ғылымдарынан дайындық деңгейлерін бағалауда  алғашқы халықаралық зерттеу болып табылады. Зерттеу білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастықпен (IEA)4 жылда 1 рет жүргізіледі.IEA зерттеуіне әлемнің 60-тан астам елдері қатысады.

TIMSS  зерттеуіне   Қазақстан үшінші рет қатысуда. TIMSS-2015-те әлемнің 57 елінен 630 мыңнан астам оқушы қатысты. Қазақстанды  179  жалпы білім беретін мектептерден 9579 оқушы таныстырды.