Негізгі бет  /  мақалалар  /  6 млн-нан астам айыппұл салынды

6 млн-нан астам айыппұл салынды

Айқын-ақпарат
1061
6 млн-нан астам айыппұл салынды «Эйр Астана» АҚ-на 6,7 млн теңге айыппұл салынды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында «Эйр Астана» АҚ-на қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қаралды. Сотта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 5.09.2016 жылғы №240-О бұйырығы негізінде әуе компаниясы тарапынан бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзылғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеріс жүргізу барысында АҚ-тарапынан тексеруге алынған нысанға кіруге кедергі келтірілген. Сонымен қатар, құзырлы орган тарапынан сұратылған ақпараттар уақытында (2016 жыл 7 қазанға дейін) тапсырылмаған.

«Осыған байланысты АҚ тарапынан ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 221-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы бұзылды. Заңның бұл тармағында монополияға қарсы органның жауапты қызметкері тексеріс жүргізу барысында тексеруге алынған нысанға кедергісіз кіруге құқылы екенін көрсетілген.

Сонымен қатар, аталған Кодекстің 221-бабының 1-бөлігі 3-тармағы бойынша құзыретті тұлға тексеріс барысында монополияға қарсы орган тарапынан белгіленген мерзімде ақпаратты, құжаттарды, көшірмелерді, жазбаша және ауызша түсініктемені мезгілінде (5 жұмыс күні ішінде) сұрауға өкілетті екені айтылған.

Осыған байланысты, сот қаулысымен, «Эйр Астана» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162-бабы мен аталған кодекстің 58-бабының біріктірілуімен кінәлі деп танылып, 3200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 6 787 200 теңге айппұл төлеуге міндеттелді.

Қаулы заңдыкүшіне енген жоқ.

 

ҚазАқпарат