Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әнұрансыз кино көрмейді

Әнұрансыз кино көрмейді

Жолдасбек Дуанабай
1215
Әнұрансыз кино көрмейді Үндістанда кинотеатрларға келген көрермендер кино басталмас бұрын орындарынан тік тұрып әнұран тыңдайтын болды.

Елдің Жоғарғы сот төрағасы осындай шешім шығарды. «Джана Гана Мана» әнұраны 52 секундқа созылады («Халықтың жандүниесі», сөзін Нобель сыйлығының иегері Рабиндранат Тагор жазған). Осы туралы пікір білдірген сот өкілдері «Бүгінде адамдар мемлекеттік әнұранды қалай айтуды білмейді, сол себепті оларды үйрету керек. Біз мемлекеттік әнұранды құрметтеуміз керек», - дейді. 
Тек денсаулығы сыр берген кемтар жандар ғана кинотеатрда орнынан тұрмауына болады. Ал, әнұран ойналып жатқанда экранда ұлттық ту желбіреп тұруы тиіс. 
Дәл осындай заң 2003 жылы Махараштра штатында енгізілген. Әнұран шырқалғанда орнынан тұрмағандар залдан шығарылып жіберілген. Осылайша 1950-жылдары әнұранға айналған өлеңді жұрт қайта жаттағалы жатыр. 
Бір атап өтерлігі кинотеатрларда әнұранның орындалуы өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары тәжирибеде болған.Алайда кейіннен біртіндеп тоқтап қалған. Есесіне бүгінде екінің бірі әнұранды білмейді.
Айтпақшы былтыр үнді соты кинолардағы әдепсіз сөздерге тыйым салған. Онда «қара тізімге» ағылшын және хинди тіліндегі 30 сөз енген.