Негізгі бет  /  мақалалар  /  Екі жасар қыз кір жуатын машинаның ішінде қысылып қалған

Екі жасар қыз кір жуатын машинаның ішінде қысылып қалған

Айқын-ақпарат
849
Екі жасар қыз кір жуатын машинаның ішінде қысылып қалған Қытайда өрт сөндірушілер кір жуатын машинаның ішінде қысылып қалған екі жасар қызды құтқарды. Бұл туралы CCTV+ басылымы жазды.

Оқыс оқиға ҚХР солтүстік батысындағы Учжун қаласында орын алды. Шақыру бойынша келген өрт сөндірушілер кір жуатын машинаның ішінен жылаған баланың даусын естиді. Шамасы, бүлдіршін тиегіш люк арқылы кептіргішке шыққан да ішінде қалып қойған.

Өрт сөндірушілер  әрі-бері зерттеп, машинаны бөлшектеуді, содан соң кептіргіш барабанды ағытып алуға бел буды. Жиырма минуттан кейін баланы шығарып алудың сәті түсті. Қыз  ешқандай зардап шекпеген, деп хабарлайды  lenta.ru. 

 

ҚазАқпарат