Негізгі бет  /  мақалалар  /  ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС ТОҚТАМАҚ ЕМЕС

ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС ТОҚТАМАҚ ЕМЕС

Айқын-ақпарат
1070
ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС ТОҚТАМАҚ ЕМЕС Кеше Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Отырыс барысында ҚР Парламенті депутаттарының, Президент Әкім­ші­лігінің қауіпсіздік кеңесі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының және тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы (әрі қарай – Мемлекеттік бағдарлама) жобасының тұжырымдамасы таныстырылды.
Мемлекеттік бағдарламаның тұжы­рымдамасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Респуб­ликасының Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген және жаңа қауіптер мен тәуекелдерді есепке алғанда, діни экстремизм мен терроризм қаупінен жеке тұлға, қоғам және мем­лекет мүдделерін сенімді қорғаумен қам­тамасыз етуге бағытталған. 
Өз тілшімізден