Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Адырна» оқырманға жол тартты

«Адырна» оқырманға жол тартты

Жадыра Аққайыр
1118
«Адырна» оқырманға жол тартты Ақтөбе қаласынан «Адырна» атты әдеби-көркем, көпшілік журналы шыға бастады.

Алғашқы саны жарық көрген басылымның тұсаукесері Алматы қаласында Жазушылар одағында өтті. Журналдың шығуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қолдау білдіріп отыр. 

Журнал таралымы әзірге – 2000 дана. 240 беттік басылымда қазақтың қалам­герлерінен бөлек, шетел әдебиеті өкілде­рінің шығармалары төл тілімізге тәржі­ма­ланып берілмек. Журналдың бас редак­торы – ақын, журналист Мейірхан Ақдәу­летұлы. Сондай-ақ редакция алқасы­ның құрамы Ертай Ашықбаев, Бауыржан Бабажанұлы, Сәтжан Дәрібай, Индира Өтеміс секілді журналистика және әдебиеттен алыс емес жандардан жасақталған. 
«Бұл журналды ашып отырғандағы мақсатымыз – бәсекелестік те, басқа да емес. Бәрінен бұрын еліміздің үздік ақын-жазушыларының шығармаларын жарияласақ дейміз. Авторлардың кім екендігі, мінезі мен саяси ұстанымы біз үшін маңызды емес. Әдебиетсіз халық болмайды. Соның ішінде қазаққа ең қажет дүние де – әдебиет. Ендеше, осы­лай бірігіп, бірлікпен жұмыс атқаруы­мыз керек. Осындай журнал шығаруды бұрыннан ойлап жүрген едім. Ақыры реті келіп, жарық көргелі жатыр. Бұл істің басы-қасында Бауыржан Бабажан­ұлы, Ертай Ашықбаев сияқты азаматтар жүр. Жазушылар одағында тұсауын кесу идеясын да Бауыржан ұсынған болатын. Елімізде осы секілді әдеби басылымдар же­терлік. Түбі бір қазақтың қаламгер­ле­рін танытуды мақсат еткендіктен, мұн­дай журналдардың көбейгені артық ет­пейді деп ойлаймын» дейді журнал­дың бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы. 
«Адырнаның» алғашқы нөмірінде Әділ Ботпанов, Серік Ақсұңқарұлы, Ертай Ашықбаев, Жанна Елеусіз, Свет­қали Нұржанның поэзиялары, Аягүл Мантай, Құдияр Біләлдің прозалары, Бауыржан Бабажанұлы, Мақсат Тәж-Мұраттың мақалалары еніп отыр. Сонымен бірге Андрей Воз­не­сенский, Хуан Рамон Хименес туын­дылары қазақ тіліне аударылған. Жиын­ға жиналған әдебиет өкілдері тәр­жімелерге жоғары баға беріп, әде­биетімізге осындай әдемі аудармалар қажет десті. Жиналғандар бірінші саны берекелі болып, таралымы көбейсін деген тілекпен тарасты.