Негізгі бет  /  мақалалар  /  Елбасы күніне орай бас қосты

Елбасы күніне орай бас қосты

Айқын-ақпарат
803
Елбасы күніне орай бас қосты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Алматыдағы ҚР Президенті мұрағатында Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық қоры «Елбасының мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 

Конференцияға республика­мыздың ғалым­дары мен зерт­теушілері, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар­дың қызметкерлері, жетекші заңгер-ға­лым­дар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқыту­шылары, PhD докторанттары, ма­гис­транттар мен студенттер қатысты. 
Ғалымдар мен қоғам қай­раткерлері конферен­ция бары­сында «Егемен Қазақстан Республика­сында Президент институтының қалыптасуы мен дамуы», «Президент институты­ның қазақстан­дық моделі: ерекшеліктері, тарихи мәні және бола­шағы», «Тәуелсіз Қазақ­стан­ның дамуы мен өркен­деуі жолындағы Тұңғыш Президент Н.Назар­баевтың рөлі», «Қазақ­стандағы саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік және Елбасының көш­басшылық қайраткерлігі» туралы мә­селелерді талқылады. 
Сонымен қатар конференцияға қатысушылар Қазақстан Респуб­лика­сының Тұңғыш Президен­тінің ұлт­тық идеяның және қазақ­стандық патрио­тизм­нің қа­­лып­тасуы мен нығаюындағы рө­ліне, оның жүргізіп отырған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және басқа да реформаларына баса назар аударып, Елбасының мемлекетті қалыптас­ты­рудағы рөлі мен оның негізгі қызметі ту­ралы ойды бөлісті. Тәуелсіздігі­міздің 25 жылы ішінде қандай жетістікке жет­тік, қандай қиын­дықтарды бастан ке­шір­дік, бола­шақта қандай жолмен жүру тиімді деген сұрақтар төңірегінде сөз болды. 
«Жалпы, еліміз демократиялық және құқықты мемлекет құру жолында. Да­мыған 30 елдің қа­тарына қосылуды діттеп отыр­мыз. Сол үшін бірталай шаруа атқа­рылды. Яғни, халықаралық дең­гейде көптеген елдермен дип­ломатиялық қаты­настар орна­тылды, нарықты экономика са­ласына бейімдеп, инновация­ларға бет бұрып, инвести­циялар­дың келуіне жағдай жасалуда. Елбасы қолдауымен түрлі ірі жобалар қолға алынды. Гума­нитарлық салаға келетін болсақ, «Мәдени мұра» бағдар­ламасы жүзеге асырылды. «Ғылыми қазына», «Халық тарих толқы­нында» бағдарламалары да ұлттық тарихымызды барынша жүйеге келтіруді көздейді. Бұлар – рухани мәдениетімізді көтеретін маңызды бағдарламалар. Экономика, саясат, дін, ғылым – бәрі бірік­кенде ғана қоғам тиісті нәтиже шығарады, алға қарай жылжиды. Елімізде ұлтаралық және кон­фессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселесі жолға қойылып отыр. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы ассамб­леясы қызметінің орны ерекше. Мыса­лы, оның 9 өкілі Парламент мәжілісіне еніп отыр, бұл еліміздегі өзі ұлт өкіл­деріне деген тең көзқарасты білдіреді. Бүгінде «Болашақ» мемлекеттік бағдар­ла­масымен көптеген жастарымыз шет­елде оқып келді. Соңғы кезде өзімізде де Назарбаев университеті сияқты ірі оқу орындарын ашып, сол базада мықты мамандар дайындау ісі қолға алынуда. Бұл да білім беру саласындағы тың өзгеріс. Осындай қарқынмен тек эконо­мика ғана емес, барлық сала бойынша ұйым­дасқан, күшті мемлекетке айнал­сақ, қадірлі елдердің қатарына қосыла береміз» дейді Фило­софия, саясаттану және дінтану институты директо­рының орынбасары, профессор Серік Нұрмұ­ратов. 
Нұрай РАХЫМ