Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тауар өндірушілермен кездесу өтті

Тауар өндірушілермен кездесу өтті

Айқын-ақпарат
844
Қарағанды облысындағы «Нұр Отан» партиясының Нұра аудандық филиалы Киевка кентінде жер реформасын, бизнесті қолдауға қатысты шаралар және салық салу мәселесін түсіндіру мақсатында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізілді.

Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, шаруа қожалығының басшылары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.  Іс-шараның аясында Жер кодексінің басты аспектілері талқыланды. Қатысушылардың тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.  

Мәселен, іс-шараны өткізу барысында жер телімдерін мақсатқа сәйкес пайдаланбаған азаматтарға қатысты мәселелер қаралды. Жер қатынастары бөлімінің мамандары жиналғандар назарына мақсатқа сәйкес қолданылмайтын жер учаскелері азаматтардан қайтарылып алынатынын жеткізді.

Сондай-ақ, шаруаларды қаржылық қолдауға байланысты көптеген сұрақтар қойылды. Бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мемлекеттен көмекқаржы алуға байланысты рәсімдерді жеңілдету, құжаттарды қарау мерзімін азайту туралы ұсыныстар енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Жалпы алғанда, шаруа қожалығы өкілдерімен өткізіліп жатқан кездесулер мемлекеттік органдар қарастырып жатқан құжаттардың мерзімін қысқарту мәселесі ауыл тұрғындарын алаңдататындығын көрсетті. 

– Бүгін заңнамалық актілерге көптеген өзгерістер енгізілуде. Сондықтан, халыққа тиісті ақпаратты жедел түрде жеткізу және түсіндіру қажет. Партия, өз тарапынан осы жұмысқа үлес қосуда, – деді «Нұр Отан» партиясы Нұра аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Тұраров.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,

Қарағанды облысы