Негізгі бет  /  мақалалар  /  Облыстық коалиция отырысы өтті

Облыстық коалиция отырысы өтті

Айқын-ақпарат
710
Облыстық  коалиция  отырысы  өтті Коалиция отырысына: коалиция мүшелігіндегі партиялардың жетекшілері мен белсенділері, мемлекеттік ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ардагерлер, партия белсенділері, жасотандықтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысын  «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып,  жиналғандары  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы және Тұңғыш Президент күнімен құттықтап,  кеңес отырысының негізгі мақсатына тоқталды.

Ол өз сөзінде Елбасының сындарлы саясаты арқасында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжирибесі бар  саяси тұрақты мемлекет ертінде қалыптасты. Сондықтан парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында қабылданған  Декларация Тәуелсіз елімізде санаулы уақытта атқарылған жұмыстарды айшықтаған тарихи құжат екенін айтты.

Коалиция отырысының  күн тәртібіне  Декларацияны қолдау, «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы «Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру»,   «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бағыттарының  аймағымызда жүзеге асырылуы  сондай-ақ, аймақтық коалицияның жаңа Регламентін бекіту секілді мәселелер қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша аймақтық коалиция өкілдері  Сыр өңірінің тұрғындарына тәуелсіздік жетістіктері – Қазақстанның Тұңғыш Президенті көшбасшылығы, жалпыұлттық бірлік, барша қазақстандықтардың жанкешті еңбегі мен ынта-жігері паш етілген Үндеу қабылдады.

Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы саласында «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруға, мықты және бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған Ұлт жоспарын іске асыруға барша азаматтарды, барша қоғамдық күштерді жұмылдыру мақсатында Коалиция мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту жөніндегі Меморандумға қол қойды.

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда қаласы