Негізгі бет  /  мақалалар  /  Колумбияда футболшылар мінген ұшақ құлады

Колумбияда футболшылар мінген ұшақ құлады

Айқын-ақпарат
891
Колумбияда футболшылар мінген ұшақ құлады Колумбияның солтүстік-батысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 72 жолауы және 9 экипаж мүшесі болған.

Боливиядан Колумбияға бет алған лайнердің бортында Бразилияның «Шапекоэнсе» клубының футболшылары болған. Аталған құрама Оңтүстік Америка Кубогының финалына бара жатқан екен.

БАҚ ақпаратынша, жолаушылар ұшағы Ла-Уньон қаласының Антиокия провинциясында құлаған. Жергілікті билік ауа райының қолайсыздығы құтқару қызметтеріне қиындық тудырып отырғанын хабарлады.

baq.kz