Негізгі бет  /  мақалалар  /  Күнде жуынған жақсы ма?

Күнде жуынған жақсы ма?

Жолдасбек Дуанабай
1475
Күнде жуынған жақсы ма? Адамдардың дені моншаға барады десек те, күнделікті душқа түсетіндердің саны одан да көп. Алайда күнара болса да душқа түсудің пайдасы бар ма? Әлде зияны басым ба?

Көптеген адамдар ұйқысынан толық оянып, тез сергу үшін таңертең ыстық душқа түсуді әдетке айналдырған.  Бұл шынында да ұйқы ашуға әдемі тәсіл. Бірақ «The Daily Mail» орталығы жүргізген зерттеулер нәтижесінде мамандар  мұның пайдасынан гөрі зияны басымдығын дәлелдеген. Калифорния университеті медицина мектебінің дерматологтары жүргізген зерттеулер қорытындысында үнемі сабынмен жуыну адам терісінде қалыптасқан табиғи жағдайда бұзатынын көрсеткен. Пайдалы микробтар сабынды су арқылы теріден кеткен соң ауру тудыратын микробтар өршуі әбден мүмкін.
Ұлыбританиядағы Мария ханшайым университетінің медицина және стоматология мектебінің профессоры Джон Оксфордтың айтуынша  сабынмен жуыну пайдалы микробтарды жоюмен қатар терінің табиғат майын да шайып кетеді. Соның салдарынан тері құрғап, жарылып, қышыма пайда болады.  
Ал, дерматолог Анджали Махто душқа 20 минуттан артық жуыну тек зиян екендігін ескертеді. Сондықтан жуынып болысымен теріні жұмсартатын май жағу қажет. Жалпы душқа аптасына екі рет түссе жетеді. Өзімізді әдемі, таза ұстауға ұмтылып жүріп терінің жұқпалы дерті неден туындайтынына мән бермейді екенбіз.  
Қазір бактерияға қарсы немесе душқа арналған майлы қоспаларды көп пайдаланамыз. Ол міндетті түрде адамның иммунитетіне әсер етеді. Осылайша адамның денсаулығына кері әсер ететін нәрсе денедегі кірден бұрын күнде пайдалы бактерияны жуып тастаудан басталады. Әсіресе басты ыстық сумен жуу қатерлі көрінеді. Сонымен қатар шашты қатты ысқылап, ұзақ жуудың да зиян бары.