Негізгі бет  /  мақалалар  /  29 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

29 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
1113
29 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар.

Тоқты
Бүгінгі күн сіз үшін өте ауыр болмақ. Өркөкіректігіңізбен мен меншілдігіңіз жағдайды одан әрі ұшықтыра түспек. Барынша сабырлы болып, салқынқандылық танытқаныңыз жүйке жүйеңізге жақсы болмақ. Қаржыңызды жұмсауда абай болыңыз, алаяқтардың құрбаны болуыңыз әбден ықтимал.

 

Торпақ
Бүгін айналаныздағы адамдармен тіл табысу қиынға соқпақ. Не айтқыңыз келгенің дұрыс жеткіз алмай, жақын адамдарыңызға дөрекі сөз айтуыңызда ықтимал. Бәрі бірден болмады деп бастаған ісіңізден бас тартуыңыз да мүмкін. Алайда, сабырлы болып, ұсақ-түйек қиындықтарды жүрегіңізге жақын алмағаныңыз жөн.

 

Егіздер
Бүгін сіз үшін көтеріңкі көңіл күй мен отбасыңыздың ортасында өтпек. Өзіңіз туралы мәлімет таратудан сақ болыңыз. Бұл сәтті тиімді пайдаланған қарсыластарыңыз жалған ақпар таратып, жеке өміріңізге кері әсерін тигізуі мүмкін.

 

Шаян
Алға қойған мақсатыңызға жетіп, аяқ асты пайда болған қиын мәселелердің шешуін оңай табасыз. Осы күнге дейін оқып-білген, көрген, жеткен дарыныңыз бен біліміңізді жиналған жұрттың алдында көрсетуге қолайлы уақыт.

 

Арыстан
Бүгін сізді ұсыныстар күтіп тұр. Кез келген жерде өзіңізді сенімді ұстауыңыздың арқасында, айналаңыздағы және жұмыс берушілердің ерекше назарыңа түсесіз. Алайда, жеке өміріңізбен жұмысыңызда/оқуда араластырып, жақын қарым -қатынастарға жол бермеуге тырысыңыз.

 

Бикеш
Алға қойған мақсатыңызбен таңдаған жолыңыздан таймай тер төгуге тура келеді. Сіз үшін жеңістің құны ауыр болмақ. Сондай-ақ, өміріңізге жаңа өзгерістер енгізу үшін жаңа танысқан адамдарыңызбен кездесуіңіз де ықтимал. Не болса да берілер мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

 

Таразы
Бүгін айыңыз оңынан туып, жұлдыздар сізді қолдамақ. Әр түрлі сипаттағы мерекелер мен кештерге, жаңа таныстар табуға қолайлы уақыт. Тіптен, тың жобамен жұмыс бастауға мүмкіндігіңіз көп. Қиын сәттердің өзі білінбей шешімін тауып, көңіл күйіңіз жеті қат бұлттың үстінде болмақ.

 

Мерген
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар. Жұмысқа бар күш-жігеріңізді салып, берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысыңыз. Жаңа бастамалар мен ұсыныстарға басқа көзқараспен қарап тың ойларыңызды ортаға салудан тайсалмаңыз.

 

Тауешкі
Бүгін ойланбай әрекет етуден сақ болыңыз. Сіздің сипаттамаңыздағы ең жағымсызы оқиғаны дұрыс бағалай алмауыңыз болып отыр. Тіптен, сізді тура жолдан тайдырушылар пайда болуы мүмкін. Қандай да бңр мəселе болса аяқ асты шешім қабылдамай біраз уақыт ой елегінен өткізгеніңіз жөн.

 

Сарышаян
Қызықты кездесулер, танысулар күтіп тұр. Күтпеген кедіргілер болуы мүмкін. Алайда сіздің тапқырлығыңыз, басшылықтың пікірін өзгертеді.Армандарыңыз шындыққа айнала бастайды.

 

Суқұйғыш
Айналаңызда болып жатқан оқиғаға салқын қандылық танытып, сабыр сақтаңыз. Жаңа істі бастамай тұрып, алға қойған мақсатыңыз бен бұл қызмет не беретінін саралап алыңыз. Бәріне бірден қол жеткіземін деп барыңыздан айырылып қалудан сақ болыңыз.

 

Балықтар
Бүгін сіз үшін жағымды жаңалықтармен, жаңа кездесулермен қатар іскерлік ұсыныстарға толы болмақ. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін өте қолайлы уақыт. Алайда, адамдардың тілін табу оңайға соқпауы ықтимал.

 


anabol.kz