Негізгі бет  /  мақалалар  /  БАЙШАҚОВ – ФЕДЕРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ

БАЙШАҚОВ – ФЕДЕРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
882
БАЙШАҚОВ – ФЕДЕРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ Кеше Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясында ұйымның жаңа президенті болып Сейілда Байшақов сайланды. Конференция делегаттары федерацияның бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапановтың отставкасын бір ауыздан қабылдады.

Қожағапанов 19 қазан күні қызметтен кетіп, өзінің шетелде оқуға шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Сол күннен бері федерация басшысының қызметін С.Икрамұлы уақытша атқарып келді. Ардагер футболшы ұзақ жылдары бойы «Қайраттың» намысын қорғады, КСРО ұлттық құрамасы сапында 2 кездесу өткізді. Қазақстан футбол федерациясы 1992 жылы өз қызметін бастаған уақыттан бері Байшақов ел футболының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол әр жылдары балалар мен жасөспірімдер футболының жетекші маманы, ҚР кіші футбол қауымдастығының вице-президенті, ҚФФ вице-президенті, т.б. қызметтерді абыроймен атқарды.
–    Ел футболын жаңа белеске көтеру үшін барымызды саламыз, – деді жаңа президент делегаттар алдында.
Бұл конференцияда ҚФФ атқару комитетінің мүшелері де ауысты. Бұрын комитетте 25 мүше болған болса, бұл жолы 13 адам жаңа құрамға енді. Бұрынғы құрамнан 7 адам бар. 
Конференцияда қабылданған шешім бойынша, С.Байшақов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметін 2020 жылдың 28 қарашасына дейін атқарады. 
Е.АТЫХАН