Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тынымсыз еңбек табысқа жеткізді

Тынымсыз еңбек табысқа жеткізді

Айқын-ақпарат
792
Тынымсыз еңбек табысқа жеткізді онференцияға облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков, аумақтық партия филиалдарынан сайланған делегаттар, бастауыш партия ұйымдары жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында партия филиалының есепті мерзімдегі жұмыстары қорытындыланып, алда атқарылар жұмыстардың бағыты пысықталды. Сонымен қатар нұротандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясына қолдау білдірді.

Конференция жұмысына төрағалық еткен аймақ басшысы Қырымбек Көшер­баев еліміздің өткені мен бүгінін сара­лап, тәуелсіздігіміздің ши­рек ғасырындағы Қа­­зақстанның барлық же­тістіктері мен жеңістері еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті – Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев­тың дана басшылығымен әрбір қазақ­стан­дықтың та­банды да тынымсыз еңбегінің ар­қасында мүм­кін болғанын айтты.
Осы орайда Қазақстанның жал­пы­ха­лық­тық же­тістіктерін – ғасырдың тарихи игі­ліктері еке­нін ұлық­таған Қазақстан Рес­публикасы Пар­ла­мен­тінің «Тәуел­сіз­дік­тің 25 жылдығы» дек­ларация­сын қа­был­дауы тарихи шешім деп есеп­теймін» деді. 
«Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Ибадулла Құт­тықожаев аймақта атқарыл­ған жұмыстарға тоқ­талды.
Төраға бірінші орынбасарының ай­туын­ша, есеп­тік мерзімде облыстық партия фи­лиалы үкі­меттік емес ұйымдар, қоғам­дық бірлестіктер, оқу орындары, мем­ле­кет­тік мекемелер, бизнес өкіл­дерімен пар­­­тиялық жобалардың қоғамдық-саяси маңыздылығын күшейту мақсатында 24 мемо­рандум­­дарға отырып, оның аясында ауқымды жұмыстар атқарылған. 
Азаматтарды әлеуметтік қолдау, олар­дың мә­селелерін шешуге бағытталған жұ­мыс­тар алдыңғы кезекте.
Мәселен, «Кедергісіз келешек» партия­лық жо­­ба аясында Қызылорда қаласында ата-анасы да, өзі де тағдырдың тауқыметін тартып, мүм­кін­дігі шек­теулі азаматтар қа­тарына енген Жорабек 
Мыр­за­бековке Са­балақ саяжайынан бір қа­бат­ты үй тұр­ғызылды. Жалағаш ауданында нұро­­тан­дық­тардың бастауымен І топ мүгедегі, өнер иесі Еркін На­рымбетовке асар әдісімен жаңа үйінің іргетасы қа­ланды. Сондай-ақ Тереңөзек кенті тұрғын­дары­ның өтінішіне сай нұротандықтардың баста­ма­сы­мен кө­пір іске қосылды.
Сыр өңірінде «Жетім балалар үйі» деген сөз­ді са­надан шығару үшін былтыр «Бақыт­ты балалық шақ» жобасы аясында 80 балаға арналған «Ата­мекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы са­лынды. Биыл аймақ бас­шысының қолдауымен «Атамекен» балалар ауылының түлегі Медет Дәлі Мәскеу болат және құрыш қорыту институтының (МИСиС) металл өңдеу факультетіне оқуға түс­ті. Қа­зіргі таңда партияның Орталық ап­параты та­рапынан оның, оқу мерзі­мін­дегі жолақысы, та­мақтану және жатын орны шығындарына грант бөлу мәселесі қа­растырылуда. 
Қазір партияның 11 аумақтық филиа­лында 269 бастауыш партия ұйымы бар, оларда 46621 пар­тия мүшесі топтасқан. Са­палы кадрлар жиын­тығын қалыптастыру ба­ғытында партияның кадр­лық резервіне об­лыс бойынша 145 кандидат тест сынақ­та­рынан өткен.
Жалпы, тұрғындардың әлеуметтік мә­селелерін ше­шуде қоғамдық қабылдау­дың маңызы ерекше.Соңғы 2 жыл аралы­ғын­да партия қабылдау бөл­мелеріне 6420 өтініш түсіп, олардың 1238-і оң ше­­шімін тапты. Қалған 5182 азаматқа тиісті кеңес­тер беріл­ді. Тұрғындарды көп жағдайда тұрғын үй, ко­ммуналдық шаруашылық, әлеу­мет­тік қам­тамасыз ету және жұмысқа орналастыру мә­­селелері толғандырады. Сондай-ақ пар­тия фи­лиалдарында «Әділет кеңес береді», «Жолда қа­былдау», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Биз­нестің жол картасы» Рес­пуб­ликалық акция­лары аясында өткізілген та­қырыптық қабылдаулар тұрғындардың өзекті мәселелерінің шешімін табуы мен тиісті заң шеңберінде кеңестер алуына мүм­­кіндіктер жасауда. Бұл өз кезегінде ха­лық­тың «Нұр Отан» партиясына деген се­ні­мін айқын көр­сетеді» деді И.Құт­тықо­жаев.
Партия филиалы жанындағы бақылау-тек­серу ко­миссиясының төрағасы Роман Мұсабеков комиссия жұмысының қоры­тын­дысы туралы баян­дады. Ол есепті мер­зімде аймақтық және ау­мақтық партия фи­лиалдарына 11 бақылау-тек­серу іс-шара­сы жүргізіліп, іс-қағаздар мен бұй­рық­тардың сапалы және уақтылы орындалу дең­гейі өткен кезеңдермен салыстырғанда едәуір арт­қанын айтты.
Конференция жұмысы барысында об­лыстық партия филиалы Саяси кеңесінің және Бақылау- тексеру комиссияның жаңа құрамы сайланды. Партия филиалдарының қызметін жақсарту мен қойылған міндет­терді жүзеге асыру туралы қаулы қабылдан­ды.
«Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков сырбойылықтарды Тәуел­сіздігіміздің 25 жылдығымен құттық­та­ды. 
Партия хатшысы партияның облыстық ұйы­мының жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, филиалдың қызметін одан әрі жетілдіру бағы­тын­да тиісті тапсырмалар бер­ді. Соның ішінде ел бол­шағы жастармен жұмысты күшейту. Яғни, пар­тияның Саяси доктринасындағы халық ден­саулығын кү­шейту бағытында жастарды саламатты өмір салтын ұстануға насихаттау, әлемді жай­лаған түрлі өзге діни ағымдардың жете­гінен аман сақтау, білімді-білікті жастардан пар­тияның резервін қалыптастырып, оларды лауазымдық қызметтерге қоюды атап өтті. Сондай-ақ нұротандықтарға Ел­басының Мәңгілік ел идеясын Тұңғыш Пре­зиден­тіміз­ге сенімді тірек болып, жұмыла жұмыс жа­сауға шақырды. 
Жиын соңында бірқатар партия бел­сенділері «Нұр Отан» Партиясы Төрағасы­ның бірінші орын­басары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Құрмет» гра­мотасы және об­лыстық партия филиалының т­өрағасы Қы­рымбек Көшербаевтың «алғысхат­та­рымен» марапатталды. 

Миуа БАЙНАЗАРОВА