Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жылдың жетістігі мол

Жылдың жетістігі мол

Айқын-ақпарат
848
Жылдың жетістігі мол Алдына келген әр адамның мұң-мұқтажын тыңдап, кедергілерді еңсеруге көмектесіп отырған «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы жылды қорытындылады.

Жұмыс іздеп келгендер еңбекке араласты, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қайырымды жандар қол ұшын созды.  Ардагерлер мен мүгедектер, жастар мен сәбилер арнайы жобалар аясында қамқорлыққа алынып, қолдау тапты. 

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында ХХІ есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» пар­тиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Ақтөбе облы­сы­ның әкімі Бердібек Сапарбаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, партияның Саяси кеңесінің мүшесі Қаныбек Жұмашев және Саяси кеңе­сінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, пар­тия ардагерлері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдарының өкіл­дері, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты. Жиында пар­тия мүшелері Парламент қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясының маңызды құжат екенін атап өтті.
Жыл жетістікке толы болды. Мәселен, «Кедергісіз келешек» ар­найы партиялық жобасы кезінде мыңнан астам мүгедек жан жұмысқа орналасты. Әлеуметтік нысандарға кіру, қызметті пайдалану күні бүгінге дейін қолжетімсіз еді. Жыл ішінде 200-ден астам нысан мүгек­терге ыңғайланып, қайта бейімделді. «Ардагерлерді ардақтайық» жо­ба­сы аясында 107 ардагер мен зейнеткерге еріктілерден құралған 50 белсенді жас жыл бойы көмек көрсетіп келеді. Елбасы, «Нұр Отан» пар­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы сая­са­тының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды сақтау, ға­сырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақ­тау, келешек ұрпаққа аманат ету. Бұл бағытта «Ұлы дала елі» пар­тиялық жобасының маңызы ерекше. Жоба аясында партияның қол­дауы­мен түрлі деңгейлерде «Ақындар айтысы», «Аламан» ат бәйге­лері мен түрлі мүшәйралар өтті. Сонымен қатар «Бақытты балалық шақ», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту», «Жастар Отанға» атты пар­тиялық жобалары іске асуда. Партияның бастамасымен азаматтық қоғам өкілдерімен байланыс күшейді. Облыстық филиал тарапынан азаматтық қоғам өкілдерімен меморандумдар жасақталып, іс-қимыл жос­парлары жаңартылды. Жергілікті жерде мәдениет, өнер, тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту бағытында «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қо­ғамдық кеңесі өз жұмысын жүргізіп отыр» дейді «Нұр Отан» пар­тия­сы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұр­хан Ағниязов. 
Партияның облыстық филиалы «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында салынған әлеуметтік нысандардың құрылысын жіті қадағалады. Қаржының тиімді жұмсалуын, құрылыс кезінде отандық материалдар­дың жаратылуын тексерді. Мәселен, биыл өңірге Ұлттық қордан 28,3 миллиард теңге бөлінді. Барлығы 53 жоба іске асырылып жатыр. 
«Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі – халық пен билік арасындағы көпір.
2015-2016 жылдары депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау ор­ган­дарының басшылары 4 мыңнан астам қоғамдық қабылдау өткізді. Қа­былдауға келген 923 азаматтың мәселесі оңтайлы шешіліп, 4335 адам­ға кеңес берілді. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өті­ніш­терді саралай келе халықты әлі де болса тұрақты жұмысқа о­р­на­лас­­тыру, тұрғын үймен, жер телімдерімен қамту, әлеуметтік қам­сыз­дан­дыру мәселелерінің алаңдататыны байқалады» дейді Нұрхан Ағниязов. 
Конференция кезінде партиялық қызметте белсенділік танытқан аза­маттар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұх­тар Құлмұхаммедтің атынан Құрмет грамотасымен, алғыс­хат­тарымен мапаратталды. 

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА