Негізгі бет  /  мақалалар  /  Енді сезіміңізді ұлттық бейне арқылы білдіре аласыз

Енді сезіміңізді ұлттық бейне арқылы білдіре аласыз

Айқын-ақпарат
1130
Енді  сезіміңізді ұлттық бейне арқылы білдіре аласыз «Нимоджи Қазақстан» енді қазақи ұлттық бейнелер (эмоджи) алмасу үшін негізгі мессенджерлер iOS және Андроидта қолжетімді.

Бүгіннен бастап «Нимоджи Қазақстан» қосымшасы қазақи ұлттық стикерлер алмасу үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде, барлық смартфон қолданушыларына Apple App Store жəне Google Play Market қосымшалараның онлайн-дүкендерінде барлық байланыс түрлерінде қолжетімді.

 

2016 жылы 19 қыркүйектен бастап Айбала атты эксклюзивті қазақи ұлттық эмодж-стикерлер iPhone қолданушыларына жаңартылған iMessage iOS қосымшаларында қолжетімді болды. Сол кезде Nimoji Software Limited жақын арада барлық ұялы телефондарда iOS пен Андроид үшін тегін қосымша пайда болатынын, барлық қолданушыларға ұлттық эмоджилермен алмасуға болатынын айтқан. Міне, сол күн де туды.

Бүгінгі күннен бастап Apple AppStore немесе Google PlayMarket жүйлерінде Нимоджи Қазақстан қосымшасын жүктеу арқылы қолданушылар қазақи ұлттық эмоджи-стикерлерін WhatsApp, Facebook Messenger, Viber, iMessage, Telegram және т.б мессенджерлерінде қолдана алады.

 

Ұлттық Эмодждер-Нимоджи идеясы Қазақстанда туған. Сол себепті де Қазақстан бұл жобаның бастапқы алаңына айналып, қосымша кейіпкерлері қазақ тарихы мен салт-дəстүрлеріне негізделіп дайындалды. Қосымшадағы жігіттің аты – Айбала, енді оның Ақсауле деген құрбысы бар. Екеуі де көңілді, əзілқой, күш-қуат пен оптимизмге толы. Олардың бойында адамға тəн қылықтардың бəрі бар, кейіпкерлер образының ерекше болуы да сондықтан.

Эмоджи-стикер арқылы Нимоджи Қазақстан қосымшасын қолданушы түрлі эмоцияларды сұхбаттасып отырған адамға жеңіл жеткізе алады. Әзірге жалпы 120 көңіл-күй және жеке өмірлік жағдайлар қолжетімді. Алдағы уақытта маңызды деген жағдайларға қатысты стикерлер саны артады.

Қосымшаны өзіне жүктеп алған адам негізгі базалық образдар Айбала мен Ақсәуленің эмоцияларын қолдана алады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыптарға байланысты ақылы кітапханалар да бар.

Қосымшаны қолдану өте жеңіл. Бейнені мəтінге немесе диалог хатына қою үшін қолданушыға мессенджерден шығудың қажеті жоқ. Тек виртуалды клавиатураны және қажет эмоджи-стикерді таңдап қойса болғаны және мессенджерде бейне қойылады. Стандартты эмоджилер ешқандай өзгеріссіз қолданушыға бұрынғыдай қолжетімді. Әрбір хат алушы эмодж-стикерлерді ала алады, тіпті ол қолданушыда Нимоджи Қазақстан қосымшасы орнатылмаған болса да.

Жаһандану заманында біз әрбір елдің, мемлекеттің, ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтейміз. Сол себепті біз қарапайым ғана текстік сөйлеуде мәдениет пен ұлттық нақыштың қолданылуын ескердік. Бұл біздің мисиямыз деп білеміз.

Nimoji Software Limited Нимоджи жобасын іске асыратын бір пікірлес, ниеттес мамандардан құралған. Көпұлтты командада Қазақстан, Ресей, Украина, Латвия және АҚШ мамандары жұмыла қызмет етеді. Қазіргі таңда компанияның міндеті – НИМОДЖИ жобасын іске асыру, қосымшаның мүмкіндігін кеңейту, пайдалы ету, сонымен қатар, маркетингтік белсенділікті арттыру, технологиялық серіктестікті жақсарту.

Нимоджи жобасын Ресей, Украина, Латвия, Грузия, Израиль, Қытайда дамыту команданың жоспарында бар.

massaget.kz