Негізгі бет  /  мақалалар  /  Семейді су алу қаупі басым

Семейді су алу қаупі басым

Айқын-ақпарат
867
Семейді су алу қаупі басым Ертістің арнасынан тасуынан өзен маңындағы бірнеше аудан судың астында қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайға алдын ала қамданған мамандар, тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіруге дайын болуын ескертіп жатыр. Қазір облыстың төтенше жағдайлар қызметкерлерінен жедел штаб құрылып, жұмыс күшейтілген.

Сеңнің кесірінен суының деңгейі көтерілген Ертіс әсіресе, "Восточный" елдімекені мен "Полковничий" аралын толық басып қалуы мүмкін. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері, тұрғындар арасында құжаттары, ақшалары мен бағалы заттарын ғана алу керектігін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аралдың кіреберісіне қойылған жол полиция күзеті келушілерді кіргізбей, артық қозғалысқа толықтай тыйым салған. Ал Ертіс өзеніндегі судың деңгейі қайта-қайта тексеріліп отыр, - дейді мамандар.

Егер су 450 сантиметрден асса, бұл қауіпті болып саналады. Ал бүгін түсте бұл көрсеткіш 433 сантиметрге жеткен, деп хабарлайды 31 арна.

Baq.kz