Негізгі бет  /  мақалалар  /  Министр Фейсбуктегі парақшасын өзі жүргізеді

Министр Фейсбуктегі парақшасын өзі жүргізеді

Айқын-ақпарат
885
Министр Фейсбуктегі парақшасын өзі жүргізеді Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы пікір білдірушілерді жөн-жосықсыз сөздерді жазудан тартынуға шақырды.

 «Қадірлі достар! Біріншіден, Сіздерге парақшада жазылған ауқымды пікірлеріңіз үшін алғысымды айтамын. Әлеуметтік желіге шығу туралы шешім қабылдау кезінде түрлі ой-пікір болатынын болжаған едім. Менің ойымша, әрбір адам өзінің көзқарасына құқылы. Осында кейбір пікір білдірушілер парақшада конструктивті ұсыныс жасамастан тек сынап жүрген авторлардың пікірлерін өшіріп тастауға кеңес берген болатын. Менің  ойыма қарама-қарсы болса да, көзқарасы үшін адамдарға құрметпен қараймын, алайда балағат сөздер мен тіл тигізу секілді әрекеттер жағымсыз. Атап айтқанда, барынша ашық болуға, өзіме немесе басқарып отырған министрлікке қатысты ұсыныстар мен сындарыңызға жауап қайтаруға уәде етемін»,-деп жазады А. Мұхамедиұлы. Сонымен қатар ол хабарламаларға жауап бермесе және Фейсбукте достыққа ұсыныстарды қабылдап үлгермей жатса, онда осы жайттарға түсіністікпен қарауға шақырды. «Сіздердің сұрақтарыңызды ескере отырып, аккаунтымды жеке өзім жүргізіп отырғанымды және бұл мен үшін алғашқы тәжірибе екенін нақтылағым келеді. Бүгін мен барлық пікірлерді оқып шықтым, алдағы постымда оларға жауап беруге тырысамын»,-деп атап өткен министр парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, 26 қарашада Фейсбук әлеуметтік желісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеке парақшасын ашқандығы хабарланған еді. Екі күнге жуық уақытта министрдің парақшасындағы достарының саны қарқынды түрде артып келеді. 


ҚазАқпарат