Басты  /  мақалалар  /  Фидель Кастроның ұлағатты сөздері

Фидель Кастроның ұлағатты сөздері

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
2226
Фидель Кастроның ұлағатты сөздері 90 жасында өмірден өткен аты аңызға айналған даңқты революционер Фидель Кастроның әрбір сөзі – ақиқат.

«Бостандық аралында» социализмнің туын қадаған қайраткер өле-өлгенше капитализмді жек көрді. АҚШ-ты ата жауы санады. 50 жылдан астам уақыт бойы Кубаның туын жықпай келген қайраткер тарихта күрескерлігімен аты қалды. Шындығында өзі айтқандай, оны тарих ақтап  алады.
Ендеше Фидель Кастроның ұлағатты сөздері кубалықтар үшін ғана емес, әлем үшін де әрқашан  маңызды болып қала береді. 
***
Отан сіздерді мақтан етеді. Өлімнен қорқудың қажеті жоқ. Отан үшін өлу – бұл мәңгі өмір сүру.
***
Мен соңыма ерген 82 адаммен жеңіске жетіп, билікке келдім. Егер сол кезең қайталанатын болса, 15 немесе 10 адаммен де жеңіске жете аламын. Айнымас серік бола алатын  10 адам – ол мәңгілік сенім. Қасыңда қанша адам болуы міндет емес. Ең бастысы. сенім мен орындай алатын жоспарың болуы қажет. Жеңіс бұл – табандылық.
***
Басқалар үшін күресуге қабілетсіз адам ешқашан өз-өзімен күресе алмайды.
***
Революция раушан гүлі көмкерілген жер емес. Революция болашақ пен өткен өмір аралығындағы текетірес.
***
Өмір идеясыз болса, құнсыз. Сондықтан идеяның орындалуы үшін күресу қажет. Сарбаз ұрыста өлуі мүмкін, бірақ оның  жарқын ісі мен ерлігі болашаққа қалады.
***
Капитализм – жиіркенішті. Ол –  бірбеткей, мейірімсіздікті және бір-бірін аямас қатыгездік пен бәсекелестікті алып келеді. 
***
АҚШ бізбен бір-ақ жағдайда келіссөз жүргізуге мәжбүр болады: Ақ үйдің басына қара нәсілді президент келгенде және Рим папасы латынамерикалық болғанда ғана. (Ф:Кастроның бұл болжамы орындалды. Өткен жылы АҚШ президенті Б. Обама Кубаға барып, екі жақты қарым-қатынасты реттеді).
***
Робот қана АҚШ-тың ең мықты президенті бола алады.
***
Әлемдегі кез келген проблеманы күшпен шешуге болмайды. Барлық қауіпсіздікке кепіл бола алатын ешқандай ғаламдық қуат, технологиялық және  әскери күш жоқ. 
***
Біздің ел  - рухани сипатта айтсам, жұмақ ел. Сондықтан елдің болашағы үшін жұмаққа өмір сүруге барамыз. Тозақ біз үшін емес.

***
Мені кінәлап, сынаудың қажеті жоқ. Оның мәні де шамалы. Мені тарихтың өзі –ақ ақтап алады.