Негізгі бет  /  мақалалар  /  "Шымбұлақта" ер адам қайтыс болды

"Шымбұлақта" ер адам қайтыс болды

Айқын-ақпарат
835
"Шымбұлақта" ер адам қайтыс болды "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында ер адам қайтыс болды.

Тау-шаңғы курортының баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады. "Бүгін, 26 қарашада "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында қайғылы оқиға орын алды. Курорттағы құтқару қызметкерлері ес-түссіз жатқан ер адамды тауып алды. Содан ер адамды курорттағы медициналық пунктке жеткізу туралы шешім қабылданды. Құтқару қызметіндегілер мен медициналық орталықтың қызметкерлері қажетті шараларды қолданды. Жедел жәрдем қызметіндегілер ер адамның қайтыс болғанын айтты. Алдын ала диагноз: жедел жүрек жетіспеушілігі", - деді курорттың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, курортта жұмыс уақытында медициналық орталықтың және кезекші құтқару қызметіндегілердің тәулік бойы жұмыс істейтіні айтылды.

kaz.tengrinews.kz

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/shyimbulakta-er-adam-kaytyis-boldyi-275019/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.