Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жетісу өңірі жетекшісінің кезекті биігі

Жетісу өңірі жетекшісінің кезекті биігі

Айқын-ақпарат
940
Жетісу өңірі жетекшісінің кезекті биігі Алматы облысы әкімінің Же­тісу жерінің өркендеуі мен дамуы жолындағы ерен еңбегі ке­зекті рет лайықты бағасын алды.

Елбасының өзі осыдан біраз бұрын ғана Алматы облысына келген жұмыс сапарында облыс орталығы Талдықорғанның түр­леніп, қанат жайып келе жатқа­нын, жалпы Алматы облысында экономиканың барлық саласында үлкен өрлеу бар екенін айрықша атап өткенін, облыс басшысына осы қарқынды жоғалтпау қажет­тігін қадап тұрып тапсырғанын бұған дейін де бірнеше мәрте жазған болатынбыз. Еңбектің еленгені жаңа белестерге бас­тайды. Атқарған жұмысы жұрттың аузында жүрген Амандық Баталов кезекті биігін бағындырды.
Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық инже­нер­лік академиясы» қо­ғамдық бірлестігі ұйым­дастырған «Тәуел­сіз Қазақстан­ның үздік инженері» және «2016 жылдың үздік инженері» аталымдары бойынша республикалық бай­қаудың қор­тындысы шығарылып, жеңімпаз­дарын марапаттау рәсімі өтті.
Сол салтанатты рәсім кезінде аталған республикалық бай­қаудың «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» аталымында Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталовтың жеңімпаз болып танылғаны мәлім болды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдас­тырған байқау комиссиясының төрағасы, академик Асқар Құлы­баев Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталовқа «Тәуелсіз Қа­зақ­станның үздік инженері» дип­ломы мен төс­белгісін тап­сырды.
Осылайша, Жетісу өңірінің бірінші басшысы 200-ден астам үміткер қатысқан республикалық байқауда топ жарды.

 

Болат АБАҒАН,  Алматы облысы