Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қас-қағым сәттің көрмесі

Қас-қағым сәттің көрмесі

Айқын-ақпарат
971
Қас-қағым сәттің көрмесі Алматының Орталық мем­ле­­кеттік мұражайында отандық фо­тографтардың Тә­уел­сіз­діктiң 25 жылдығына арналған көрмесі өтті.

 «Тәуелсіздік та­ғылымы» атты тақырыппен өткен шарада Ота­нымыздың  тарихы туралы суреттер қойылған. Қас-қа­ғым сәтті қалт жі­бермейтін фо­тографтардың ал­уан ең­бек­терінен, сапарнамалық кез­­дер­дегі туындылары, оның ішін­де еліміз тәуелсіздік алған жылдардағы әскери жаттығулар және азаматтық борыштарын өтеп жүр­ген сарбаздардың бейнелерін де көруге болады. Сонымен қатар жаңадан ашыл­ған зауыт пен фаб­ри­калардың жұмыс барысынан  да көрініс аз емес. Зейнеткерлік жастағы қа­рия­­лардың жастарға тәрбие беріп жат­қан тәлімгерлік тұс­тары да фо­то­графтардың назарына іліккен. Көр­меде фоторепортаждар да өзіндік үй­­лесімін тапқан. Бұл керемет фо­то­суреттерің авторлары – елімізге бел­гілі фотографтар Анатолий Устиненко, Юрий Бек­кер және  газетіміздің фото­тіл­шісі Айт­жан Салықұлы. Фо­тографтардың тағы бір еңбегі Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстандықтардың ең­бек же­тістіктеріне арналыпты. Онда елі­міз тәуелсіздік алған жыл­дардан бер­гі кезеңдер қам­тылған. Таным мен тал­ға­мы жоғары көрме ары қа­рай Астананың Тәуелсіздік са­ра­йын­да жалғаспақ.
Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ